Отандық тауарларды жылжыту бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу үшін мемлекеттік бюджеттен 120 млн теңге бөлінді – NADLoC

01 тамыз 2016, 23:43

Отандық тауарларды жылжыту бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу үшін 2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың жалпы көлемі 120 млн теңгені құрады. Бұл туралы «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ хабарлады.

ҚР ИДМ бірінші вице-министрі Альберт Раудың төрағалық етуімен ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындар бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2016 жылға қорытындылары шығарылды.

Өтеуді алған компаниялар тізімі ҚР ИДМ және «NADLoC» АҚ сайтында жарияланатын болады. Өтінім қабылдауды а.ж. 25 наурызынан бастап 30 маусымына дейін «NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ жүргізді.

Ағымдағы жылы 82 отандық өндірушілердің өтеуге арналған өтінімдері бекітілді. Барлығы осы жылы 132 отандық өндірушілер өтеуге өтінімдер ұсынды. Қалған өндірушілерге келесі қаржы жылына бөлінген қаржылардан өтеу ұсыну жоспарлануда.

Өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы, бірақ 3 мың АЕК (айлық есептік көрсеткіштен) аспайтын мөлшерде болғаны құжатпен расталған кезде өтеу ұсынылатынын атап өту қажет.

Ведомствода нақтылағандай, мұндай қолдауды «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілген, жалпы танылған халықаралық стандарттарға сәйкес тауарларының сапасы расталған отандық өндірушілер ала алады.