Аграрлық несие корпорациясы Алматы облысындағы сүт-тауарлы фермасын қаржыландырды

15 тамыз 2016, 16:10
Алматы облысы
Фото: Аграрная кредитная корпорация

Ұлт жоспарының 60-қадамын жүзеге асыру аясында Аграрлық несие корпорациясы Алматы облысы Талғар ауданы Арқабай ауылында сүт және сүт өнімдері өндірісін дамытуға арналған жобаны қаржыландырды.

Корпорацияның қаржылай қолдауы арқасында 500 млн теңгеден аса несие алған «Байсерке-Агро» ЖШС қолындағы сүт-тауарлы фермасының қуаттылығын 850 бас ірі қара малға дейін арттыруға мүмкіндік алды. Корпорацияның қолдауы есебінен шаруашылыққа қажет жаңа құрал жабдықтар сатып алынып, құрылыс жөндеу жұмыстары аяқталды, сондай-ақ сүт-тауарлы фермасы алдағы уақытта тәулігіне 16 тонна сүт сауып, осы арқылы жылына 5 мың тонна сүт өндіруді жоспарлап отыр.

Анықтама үшін:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустриаландыру және әртараптандыру. «ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.