Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Аграрлық несие корпорациясы Алматы облысының фермерлерін қаржыландыруды жеңілдетеді

07 қыркүйек 2016, 22:35
Алматы облысы
Фото: АО «Аграрная кредитная корпорация»

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен Алматы облысының әкімдігі ынтымақтастықты нығайту мен несие серіктестігіне (НС) қатысушыларды қаржыландырудың ауқымын кеңейту туралы өзара келісімге қол қойды.

Бұл туралы бүгін аймақ әкімі Амандық Баталов пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрайымы Гүлнәз Атамқұлова Талдықорған қаласында өткен облыстағы НС жүйесін қолдау мен дамытуға арналған   кеңейтілген кеңесте атап өтті.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, «Әкімшілікпен арадағы бірлескен жұмыс Алматы облысындағы фермерлердің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ  қаржыландырып отырған барлық бағдарламаларға қатысуына, сондай-ақ, шағын және орта шаруашылықтардың НС несиелеудегі жайлы талаптары бойынша ортақ кооперативтерге бірігуіне мүмкіндік береді»,-деп атап өтті Г. Атамқұлова.