Қазақстандық ҮЕҰ-ны қолдауға 2016 жылы 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді

05 тамыз 2016, 22:41

Биыл мемлекеттік грантты жүзеге асыруға 200 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.Мемлекеттік гранттардың бірінші байқауы Қазақстанның ҮЕҰ-нан 2016 жылғы 16 тамызға дейін өтініш қабылдауды қарастырады.

«Биыл мемлекеттік грантты жүзеге асыруға  200 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған, 11 ҮЕҰ  жобасының әрбірі  14-тен 30 млн теңгеге дейін қаржыландыруды қарастырады. Бұл үкіметтік емес ұйымдар үшін айтарлықтай үлкен жобалар», - деді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев.

Н.Өтешевтің айтуынша, гранттарға бөлінген қаражатты игеруді бақылау үшін  орталық аппаратының құрамында қаражатты мониторингілеу бойынша департамент құрылды. Мамандар қаржыландырылған жобада жоспарланған өңірлердегі іс-шараларды тексеру үшін іссапарға жіберіледі деп жоспраланып отыр.

Оған қоса, конкурс рәсімдері объективті болуы үшін ҮЕҰ және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының арасынан сараптық комиссия құрылды.

Іс-шара барысында АБҚО өкілдері конкурсқа өтінімдер жазу үдерісі жайлы жете ақпараттандырып, жобаларды іріктеу критерийлерін талқылады және жиналыққа қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Өңірлердегі ҮЕҰ өкілдері үшін видеконференция ұйымдастырылды.