Салық және кеден жүйелерін ықпалдастыру мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді – Қаржы министрлігі

10 тамыз 2016, 19:06
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Деректерді бірыңғай сақтау қорын құру және қызметтердің қайталануын болдырмау арқылы салық және кеден жүйелерін ықпалдастыру мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин айтып өткендей, министрлік мемлекеттік органдардың статистикалық мәліметтер базасына онлайн-қолжеткізу, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті бір жерден алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.

«Комитеттiң басты мiндетi клиентке бағытталған және бизнес үшiн қолайлы жағдай жасау болып табылады. Салық және кеден жүйелерін біріктіру деректерді бірыңғай сақтау қорын құру арқылы әкімшілендіруді және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасының тиімділігін арттыруға және қызметтердің қайталануын болдырмауға  мүмкіндік береді», - деп атап өтті Д. Ерғожин ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында.

Оған қоса, комитет төрағасы мәлімдегендей, барлық тексерулер бірыңғайланды, салық және кеден тексерулерін жүргізу кезінде тексеру құжаттары бірыңғай болып табылады.

Сондай-ақ, 2015 жылы Қазақстанның Дүниежүзілiк Сауда ұйымына кiруi аса маңызды оқиғалардың бiрi болды. ДСҰ-на кiру импорттаушыларға тауарларды кеден баждарының төмендетiлген мөлшерлерi бойынша әкелуге мүмкіндік берді. Спикердің айтуынша, бұл iшкi нарыққа әкелінетін тауарларға бағаның арзандауына алып келетiн жағымды жайт болып табылады.