Қазақстан мен Иран гидрометаллургиялық зауыт салу бойынша келісімге қол қойды - ҚР ИДМ

10 қыркүйек 2014, 00:18

Қазақстандық және ирандық іскер топтардың өкілдері өткен бизнес-форум аясында гидрометаллургиялық зауыт құрылысы бойынша келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігі.

«
Бүгін Астанада өткен шараға 250-ге жуық делегат, оның ішінде қазақстандық 100 және 100 ирандық компаниялар өкілдері қатысты. 
Атап айтқанда, гидрометаллургиялық зауыт салу бойынша келісімдерге қол қойылды
», - делінген хабарламада. 

Бұдан өзге, тараптар мыс кен орынын ашуды қарастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы, Гулистан провинциясында астық терминалын салу туралы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы керамикалық зауыт ынтымақтастық туралы, сонымен бірге травертин өндіру жөнінде өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Ведомствода хабарлағандай, геология, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, көлік, логистика, туризм және құрылыс материалдарын өндіру салалары бойынша жалпы сомасы 500 млн доллардан астам болатын келісімдерге қол қойылды.

Өз кезегінде бизнес-форумда Қазақстан тарапы Иран делегациясын елде жүргізіліп жатқан индустрияландыру бағдарламасымен таныстырды және ирандық бизнес өкілдерін оны іске асыруға белсене қатысуға шақырды. Сонымен бірге Қазақстан тарапы оларға толықтай инвестициялық қолдау жасауға және жан-жақты септесуге әзір екендігін атап өтті.

2013 жылғы өзара тауар айналымы көлемі 620 млн долл. құрады. 2005 жылдан 2014 жылғы І тоқсанды қоса есептеген кезеңде Ираннан Қазақстанға қарай жолданған тікелей инвестицияның жалпы ағыны 123,7 млн долларды құрады. 2005 жылдан 2014 жылғы І тоқсанды қоса есептеген кезеңде Қазақстаннан Иранға қарай жолданған тікелей инвестицияның жалпы ағыны 10,4 млн долларды құрады.