Теңге бағамының дәлізі рубль бағамы мен мұнай бағасының ауытқу қауіп-қатерін ескеріп, бекітілді - Қ.Келімбетов

06 қараша 2014, 18:14

ҚР Ұлттық банкі бекіткен бір долларға 170-188 теңге айырбастау бағамының дәлізі ресей рублі бағамының мүмкін төмендеуінен және таяу 3-5 жылда мұнай бағасының ауытқуынан сақтайды, деп басып айтты бүгін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында.

«Тепе-теңдік дәліз бір долларға 185 теңгеден, алдында плюс-минус 3 теңге болды, сосын біз оны бір долларға 170 теңгеден 188 теңгеге дейін кеңейттік. Жалпы, бұл дәліз байқалған барлық қауіп-қатерді жабады деп есептейміз», - деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, соңғы күндері ресей рублінің үлкен аутқулары орын алуда, бұл сақтық пен қазақстандық сарапшылар тарапынан Қазақстан Ұлттық банкінің одан арғы ақша-несие саясатына қатысты мәселелерді туындатады.   

«Биылғы жылдың ақпан айында өткізілген теңге бағамын реттеу орта мерзімді перспективада - 3 жылдан 5 жылға дейін барлық мүмкін тәуекелдерді қарастырғанын еске салып өткім келеді. Ресей рублінің одан әрі құнсыздануы мен мұнай бағасының төмендеуі мәселесі де қарастырылған болатын. Бұл сценарий бүгін орындалып жатыр. Орта мерзімді перспективада жағдайдың қалай өрбитінін бақылаймыз», - деп түйіндеді ҚР Ұлттық банкінің басшысы.