Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Инвентаризациялаудың бірінші кезеңінде бәсекелестік ортаға мемлекет меншігіндегі 1300-ден астам ұйым беріледі

12 желтоқсан 2016, 11:34

Қазақстанда «Yellow Pages Rule» аясында республикалық және коммуналдық меншіктегі ұйымдарды, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы кәсіпорындарды бәсекелестік ортаға шығару екі кезеңмен жүргізілетін болады. Бұл туралы кезекті Үкімет отырысы кезінде қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. 

Спикердің айтуынша, қазіргі кзеде мемлекет меншігінде шамамен 7 мыңға жуық ұйым бар – олар мемлекеттік кәсіпорындар, АҚ, ЖШС.

Инвентаризациялаудың бірінші кезеңінде мемлекет меншігіндегі ұйымдар саны 1 136-ға азайып, 6 мыңнан кем болады. Қосымша жылдық айналымы 66 млрд теңге, оның ішінде бюджет есебінен 28 млрд теңге болатын 105 ұйым жеке қолға көшеді.

Кестеге енгізілген 408 ұйымды ескерумен, бизнеске жылдық табысы 336 млрд теңге, оның ішінде бюджет есебінен 119 млрд теңге болатын 513 ұйым ұсынылады.

«Нысандарды үш жыл ішінде сатуды ұсынамыз. 2017 жылы сатылымға «Атамекен» ҰКП ұсыныстары негізінде қалыптастырылатын аса тартымды нысандарды шығару көзделіп отыр», - деді Б. Сұлтанов.

1/2
2/2