Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Айырбастау пункттері ұлттық және шетелдік валютаны сатып алу және сату операцияларын тең дәрежеде жүзеге асыруда - ҚР Ұлттық банкі

27 тамыз 2015, 23:54

Айырбастау пункттері  ұлттық және шетелдік валютаны сатып алу және сату бойынша операцияларды тең дәрежеде жүзеге асыруда, деп мәлімдеді бүгін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков. 

«Қазір куә болып отырған жағдай көрсеткендей, айырбастау пункттерінің көбісі шетелдік және ұлттық валютаны қолма қол сатып алу және сату бойынша операцияларды жүзеге асыруда», - деді О.Смоляков.

Сондай-ақ, ол мереке күндері жұма күні KASE кешкі сессиясында белгіленген бағам әрекет ететінін айтып өтті. 

«Кешкі сағат 6-дан кейін айырбастау пункттері өзінің айырбастау бағамын өзгерте алмайды, сондай-ақ оны демалыс күндері де өзгерте алмайды», - деп түсіндірді ол. 

Оның айтуынша, барлық айырбастау пункттері бекітілген режимде жұмыс жасайды.

«Қысқаша айтқанда, инфляциялық таргеттеу инфляция бойынша мақсаттардан туындайды, ал біз орташа мерзімді мақсат баға параметрлері жетістіктерінің 2020 жылға қарай 3-4%-ға көшуі болып табылатынын жариялаған болатынбыз. Аталған мақсаттар, инфляция динамикасы бойынша нақты болжамдар болғандықтан мөлшерлеме деңгейін анықтаймыз. Ақша нарығындағы операцияларға сәйкес ақырғы сұраныс қалыптасады», - деп баса айтты ол. 

Жыл соңына дейін Ұлттық банк техникалық кеңестің 4 отырысын өткізеді.