Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Инфляциялық таргеттеуге көшу еліміздің ТМК-ін дамытуға ынталандыру болмақ – Н.Радостовец

27 тамыз 2015, 19:57

Инфляциялық таргеттеуге көшу Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенін одан әрі дамытуға ынталандыру болмақ, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингі барысында «Республикалық тау-кен өндіруші және тау-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ  атқарушы директоры Николай Радостовец.

«Инфляциялық таргеттеу саясатын кезеңмен енгізу тау-кен металлургиялық саланы ұзақ әрі арзан теңгемен қамтуға мүмкіндік береді. Теңгенің еркін айналымынан қазір экспортшы кәсіпорындар ғана емес, өңдеу өнеркәсіптері де пайда көріп отыр», - деді Н.Радостовец.

Осылайша, оның айтуынша, кәсіпорындардың ішкі және сыртқы нарықтардағы шығындары қайта қалпына келеді.

Жалпы, ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметінің жаңа ақша-кредит саясаты экономикадағы теңге дәрежесінің көтерілуі мен долларсыздануға жақсы әсер береді, деп есептейді ТМК Қауымдастығы басшысы.

«Инфляциялық таргеттеудің табыстылығы ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметінің ашықтығына, жүйелілігіне және үйлесімділігіне байланысты болмақ», - деп толықтырды Н.Радостовец.

Оның пікірінше, теңге бағамы таяу арада тұрақталып, инфляцияның белгіленген бағытының арқасында инвесторлардың Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешеніне қаржы салуға қызығушылығы артады.