Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына барды

03 шілде 2013, 17:08
Қарағанды облысы

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Қарағанды облысының Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен барып, Жезқазған мыс қорыту зауыты өндірістік цехының жұмысшыларымен, сондай-ақ өңір белсенділерімен кездесті, деп хабарлады өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Жезқазған аймағын дамыту мәселелері, оның ішінде Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтпаев және Ұлытау қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Кешенді жоспар шеңберінде өңірде минералдық-шикізаттық базаны кеңейту, индустриалды-инновациялық дамыту, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту және т.б. бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі. 

Оның үстіне, бірінші вице-премьердің басшылығымен ҚР Премьер-министрінің жарлығы бойынша құрылған өңірдің проблемалық мәселелерін шешу жөнінде жұмыс тобының отырысы болып өтті. Отырыста, атап айтқанда, «Қазақмыс» компаниясының қызметімен байланысты сұрақтар қарастырылды. Бақытжан Сағынтаевтың атап көрсеткеніндей, кәсіпорынның тұрақты жұмысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі болып табылмақ. 

Өз кезегінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Басқармасының төрағасы Эдуард Огай, өз кезегінде, зауытты қайта құруда «Қазақмыста» жеке құрамды қысқарту жоспарланбайтынын атап көрсетті. Барлық негізгі және қосалқы жұмысшылар зауытты қайта кұрастыруда жұмыс істейді. Сонымен қатар, «Қазақмыс» қайта құру кезеңінде әрбір қызметкердің жалақысын 100% көлемінде сақтап қалуды және төлеуді өзіне міндет етіп алады. 

Құрамына орталық мемлекеттік органдардың, облыс әкімдігінің өкілдері, сонымен қатар тау-кен металлургиялық саласының мамандары енген жұмыс тобы өз жұмысының қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне тиісті ұсыныстарды енгізбек.