Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропалық комиссияның экс-президенті Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

23 маусым 2017, 15:55
Астана
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропалық комиссияның экс-президенті Жозе Мануэль Баррозумен қаржы және инвестициялық салаларды дамытудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында ЕуразЭҚ дамыту әлеуеті, сонымен қатар әлемдік трендтерді ескере отырып, Қазақстанның қаржы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар Ж. М. Баррозудың Еуропалық комиссияға төрағалық еткен кезінде қол қойылған Кеңейтілген серіктестік туралы келісім аясында Қазақстан мен ЕО-ның алдағы ынтымақтастық келешегі туралы пікірлерімен алмасты.

Анықтама:

Еуропалық комиссияның экс-президенті, Португалияның Премьер-Министрі (2002-2004 жж. ) Жозе Мануэль Баррозу Қазақстанға 22-24 маусым аралығында Астанада өткізіліп жатқан Еуразиялық Медиа Форум жұмысына қатысу үшін келді.