Жария ету акциясы бойынша Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне 4,3 млрд теңге түсті – Қаржы министрлігі

03 тамыз 2016, 21:14

Жария ету бойынша акция басталғалы бері Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне нақты 4,3 млрд теңге түсті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

2016 жылғы 1 тамызға барлығы, ведомствоның мәліметінше,  2 289,2 млрд теңге сомасында 99 984 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені  2 009,4 млрд теңге.

ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 991,6  млрд теңге құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 97 477 өтініш (декларациялар) түсті. Қазіргі таңда 746,9 млрд теңгеге  93 053 объект және бағалы қағаздар жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары жалпы сомасы 5 млрд теңгені құрайтын 104 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті. Сомасы 4,9 млрд теңгеге 100 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 2016 жылғы 29 шілдедегі жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 336,4 млрд теңге ақшаны жария етуге 2 351 жинақ шот ашылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 6 428,7 млн теңге көлемінде 41 декларация түсті. 1 257,7 млрд теңге сомасында ақша жария етілді, соның ішінде: 2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд теңге және 2 184 декларация бойынша 1 176,8 млрд теңге.