2016 жылдың қазан айында Қазақстанда төлемдер және төлем жүйелері туралы жаңа заң күшіне енеді

10 тамыз 2016, 20:15
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына халықаралық талаптарға сәйкес жаңашылдықтар енгізілді. Жаңартылған заң ағымдағы жылы 10 қазан айында күшіне енеді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік табыс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің айтуынша, заңнамаға енгізілген өзгертулер жақында жарияланып, жарияланған күннен бастап 60 күннің ішінде, яғни 2016 жылғы 10 қазанда күшіне енеді.

Осылайша, заңның 10-еселік АЕК асатын сомаға шетелдік тұлғамен жасалған келісімдерге заң ықпал етеді. Заңды жүзеге асыруға қосымша 4 нормативтік-құқықтық акт жасалады, олар форма тәртібін, ескерту мерзімдерін және салық органдарына ақша немесе басқа мүлік алғандығы туралы, мәліметтер базасын жүргізу және салық регистрлері туралы мәліметті реттейді.

«ҚР СК 14 тармағы заң әсер ететін тұлғалардың тобын нақты реттейді. Адвокаттар, нотариустар, мектепке дейінгі мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және т.б. бұл заң әсер етпейді. Осылайша, шетелдік көзден қаржыландыру алған жеке және заңды тұлғаларға Мемлекеттік кіріс органдарына есеп беру бойынша міндет туындайды. Айта кететін жайт, бұл өзгертулер өз бизнестерін жүргізіп жатқан және есеп беріп жүргендерге қатысы болмайды. Олар тек қызметтің үш түріне ғана қатысты: заңнамалық көмек көрсету, қоғамдық пікірді зерделеу, жинау, талдау және ақпаратты жариялау», - деді комитет төрағасы.  

Оның айтуынша, іске асырылып жатқан шаралар хабарландырушы сипатқа ие, ол салық төлеушілердің құқығын шектемейді және оларды алу және жұмсаудың ашық рәсімдерін құруды көздейді.

«Осылайша, 10 күн ішінде мәмілеге келгеннен кейін, мемлекеттік кіріс органдарына хабарлама ұсыну керек. Есеп екінші айдың 15-ші күніне дейін тапсырылуы керек», - деді ол.

Айта кететін жайт, осыған ұқсас тәжірибе ЭЫДҰ елдерінде, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Израиль елдерінде бар. Осылайша, жаңашылдық толығымен халықаралық стандартқа сәйкес келеді.