«Бәйтерек» мемлекеттік холдингінің басқаруына 10 қаржы институты берілген - Қ.Бішімбаев

05 шілде 2013, 14:35

«Бәйтерек» мемлекеттік холдингі оларға берілген қаржы институттары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатын алға қойды, деп хабарлады «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бішімбаев ҮИИДМБ жүзеге асырудың аралық қортындысына арналған пленарлық отырысы барысында.  

«Біріншіден, бізді ұлттық компаниялардан, нақты айтқанда «Самұрық-Қазынадан» айырмашылығымыз, бізге 10 қаржы ұйымы басқаруға берілген. Бұл өте жақсы, бір жасаушыға топталып, холдингтің түрлі құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Біз қаржы компанияларын  басқарғандықтан, өнеркәсіптік немесе басқа емес, қаржы холдингі болып табыламыз», - деді холдинг басшысы. 

Оның айтуынша, холдинг құрылымында «Қазақстанның Даму банкі», «Тұрғын үй жинақ банкі», «Қазақстандық ипотекалық компания», «Қазына Капитал менеджмент», сонымен қатар «Технологиялық дамудың ұлттық агенттігі» сияқты институттар бар.

Сонымен қатар, холдинг басшысы айтып кеткендей дамудың қазіргі институттарының тиімділігін арттыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.  

«Баспасөзде және Фейсбукте көп сұрақ туындауда - бұл институттар не үшін, не себеппен құрылған, сондықтан олардың қызметі принциптерінің бірі ашықтық болуы тиіс. Даму институттары шын мәнінде Қазақстан экономикасына жұмыс жасайтын институттарға айналуы керек», - деп түсіндірді Қ.Бішімбаев.

Сонымен бірге, ол қайта құрылған холдингтің ең басты мақсаты - ҮИИД бағдарламасы ресурстарының мобилизациясын қамтамасыз ету, жүзеге асыру жоспарланған жобаларды қаржы ресурстарымен қамту. 

«Басты міндетіміз осы», - деп толықтырды Қ.Бішімбаев. 

2013 жылдың 22 мамырынан ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанда «Бәйтерек» Ұлттық Басқару Холдингі» құрылған, оның негізгі қызметі ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа заңды тұлғалардың меншік  және акция пакеттерін сенімді басқаруға берілген құқығымен тиесілі басқару болып табылады.