ҚР аумағынан тыс 2,8 миллиард теңге сомасында бағалы қағаздар жария етілді

16 тамыз 2016, 18:06
Фото: express-k.kz

Қазақстан аумағынан тыс 2 млрд 852,2 млн теңге сомасында бағалы қағаздар жария етілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.

Ағымдағы күнге барлығы  2 407,2 млрд тенге сомасында 102 271 өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені  2 113,1 млрд. тенге.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы  1 012,3  млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 99 454 өтініш (декларациялар) түсті. Қазіргі уақытта 95 791 объект, бағалы қағаздар және ақша сомасы 768,9 млрд теңгеге жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 5 млрд теңге құрайтын 112 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті. Сомасы 4,9 млрд теңгеге 108 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 2016 жылғы 10 тамыздағы жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 419,4 млрд.теңге ақшаны жария етуге 2 563  жинақ шот ашылды. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша 6 428,9 млн теңге көлемінде 43 декларация түсті. 1 339,3 млрд теңге сомасында ақша жария етілді,соның ішінде: 2015 жылы 30 қарашаға дейін 80,9 млрд теңге; 2 420 декларация бойынша 1 258,4 млрд теңге. 

2016 жылғы 12 тамызға сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 4,3 млрд теңге түсті.