08 Қараша 2019, 09:53
Сауда және интеграция министрлігінде Қазақстан мен Ресей арасындағы 2003 жылы Омбыда Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының алғашқы форумы өткізілігеннен бері сауда-саттықтағы жағдайдың қалай өзгергеніне талдау жүргізілді.
Бұдан соң аталмыш форум 2005 жылдан Қазақстан мен Ресейдің бірқатар қалаларында: Челябі, Орал, Новосибирск, Ақтөбе, Орынбор, Өскемен, Астрахань, Павлодар, Екатеринбург, Атырау, Сочи, Астана, Челябинск, Петропавл қалаларында кезекпен өтті.
Бақыт Сұлтанов форум алаңында журналистермен кездесіп, тауар айналымы осы жылдар бойы өсім көрсеткенін атап өтті.
2003 жылы өңіраралық ынтымақтастықтың бірінші форумы өткізілген уақыттан бері 15 жыл ішінде біздің елдеріміздің арасындағы тауар айналымы 3,5 есе өсті (2003 жылы - $5 245,5 млн, 2018 жылы - $18 517,3 млн), оның ішінде Ресейге біздің жеткізілімдеріміз 2,6 есеге өсті ($1 967,7 млн - $5 279,9 млн).
«Практикалық шешімдер, нақты көмек және нақты ұсыныстар!» - бұл іскерлік Форум алаңында жұмыс істегісі келетін адамдардың кездесуінде өтіп жатқан жағдай. Бұл Форум ұйымдастырылуының негізгі себебі. Сондықтан, бүгін журналистермен сөйлесе отырып, Бақыт Сұлтанов форумдағы networking алаңының маңыздылығын атап өтіп, бірінші форумнан бастап, көптеген шешімдер мен 100-ден астам түрлі келісімдерге қол жеткізілгендігін атап өтті. Негізінен, бұл, әрине, кәсіпорындар арасындағы келісімдер - бұл өңіраралық ынтымақтастықтың міндеті.
«Бүгін біз мемлекет басшылары деңгейіндегі өңіраралық форуммен қатар, біздің кәсіпорындар ұсынылған бизнес-форум өткізіп отырмыз. Қазірдің өзінде белгілі бір нәтижелер бар. Бірқатар келісімдер бүгінде $40 млн-ға жуық сомаға жасалады. Бірақ бұл тек кешегі күнге және бүгінге бастамасы ғана. Сондықтан, біз осындай бизнес-форумдардың арқасында кәсіпкерлердің қосымша мүмкіндіктері пайда болады деп үміттенеміз», – деді министр.
Сонымен қатар, ұлттық тауар өндірушілерді үлкен экспортқа шығару туралы айта отырып, Сауда министрі қазақстандық делегациямен ҚХР-ға барған сапардың ірі нәтижелері туралы айтты.
2019 жылғы Форумның тиімділігі мен пайдалылығы туралы айта келе, Мемлекет басшыларының қатысуымен өткен жалпы отырыстың қорытындысы бойынша 8 екіжақты құжатқа, сондай-ақ форум алаңында 12 коммерциялық келісімге қол қойылғанын атап өткен жөн:
Пленарлық отырыста «Қазақстан – Ресей» шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасының тұжырымдамасына қол қойылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар арасында қол қойылды:
Әкімдіктер арасындағы келісімдерге қол қойылды:
Коммерциялық құжаттар бойынша қол қойылды:
Ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды:
«АЗАМ-КС» ЖШС мен «Титан-Агро» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық ниеті туралы келісімге.
Қарағанды, Қостанай облыстарының Қоғамдық кеңесі мен Свердлов облысының Қоғамдық палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу