03 Қыркүйек 2022, 12:28
ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру бойынша кешенді шаралар қаралды. ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина саласын қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау туралы баяндады.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласына қаржының жеткілікті бөлінбеуі жағдайға айналғанын, соның кесірінен азаматтар сақтандыру жүйесіне қосылса да оларға медициналық қызметтер толық көлемде көрсетілмей отырғанын атап өтті.
Денсаулық сақтау минитсрі саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарап, мынадай іс-шараларды іске асыру ұсынылып отырғанын айтты:
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жағдайында ерікті медициналық сақтандыруды толық іске қосу үшін медициналық көмектің бағыттары, ерікті медициналық сақтандыру қаражатымен жабылатын қызметтер тізбесі айқындалатын болады, сондай-ақ шетелдіктер, атап айтқанда, еңбек мигранттары мен шетелдік студенттер үшін жүктелген медициналық сақтандыру заңнама бойынша бекітіледі және іске асырылады», — деді А. Ғиният.
Одан басқа ҚР Президенті 2023 жылдан бастап ауыл тұрғындарының медициналық көмекке сұранысын қанағаттандыруға арналған ұлттық жобаны іске асыруды тапсырды.
«Осы мақсатта біз «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске қосу және іске асыру үшін тиісті есептемелер жүргізіп, қажетті шараларды айқындадық. Ұлттық жобаның негізгі мақсаты: барлық ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету есебінен қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы алшақтықты қысқарту, сондай-ақ ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмекті уақытылы көрсетуді арттыру болып табылады», — деді денсаулық сақтау министрі.
Ұлттық жоба аясында:
Ұлттық жобаны іске асыру:
«Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі дәрігерлерді дайындау жүйесін жетілдіру болып табылады. Президенттің тапсырмасын іске асыру аясында медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көп бейінді университеттік аурухана мен клиника ашу қарастырылуда. Сонымен қатар, біз үш жыл ішінде резидентураға бөлінетін грант санын жыл сайын 70%-ға, 2023 жылы 1 мың 700 болса, 2025 жылы 3 мың 400-ге дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз», — деді А. Ғиният.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу