Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: Қазақстандық полиция сервиске бағдарланған модельге көшуде

Ішкі істер министрлігі XXI ғасырдағы қазақстандық полицияның кәсіби сервиске бағдарланған моделін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы ведомство басшысы Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Министрлік Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын орындау үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр. Ведомство басшысының айтуынша, ол үшін полиция бюрократия мен формализмнен арылып, адамға бағытталған сапалы қызмет көрсетуі керек.

Нашақорлыққа және есірткіге қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді.

Онда:

- мүдделі мемлекеттік органдарды және қоғамдық институттарды нашақорлыққа және есірткіге қарсы күреске жұмылдыру;

- халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

- жасырын зертханалардың және дәрі құралдарының заңсыз айналымын ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікті күшейту;

- есірткіге тәуелділікті алғашқы сатыларда анықтау мақсатында есірткіге тестілеу енгізу қарастырылған.

Сонымен қатар профилактика тиімділігін арттыру мақсатында 2023-2025 жылдарға кешенді жоспар әзірленуде. Онда мүдделі мемлекеттік органдардың және халықтың қатысуымен іс-шаралар көзделген.

Оған қоса, жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша заң жобасының шеңберінде ауылдық өкілдіктердің «кеңестерінде» қауіпсіздік проблемаларын реттеу құзыретін беру ұсынылады. Оның ішінде ауылдарды жарықтандыру, бейнебақылау жүйелерін орнату, жол инфрақұрылымын жақсарту және т.б. бар.

Отбасылық және зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша заңнамалық түзетулер енгізілуде. Тұрмыстық саладағы заң бұзушылықтарды арызсыз анықтау енгізіледі. Бұл полицияға жәбірленушінің өтінішінсіз – тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ зорлық-зомбылық әрекеттер қайталанған жағдайда сотта татуласу процедурасын қатаңдату бойынша жұмыс жүргізілуде», — деді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Одан басқа:

- әкімшілік қамаудың нақты мерзімдерін бекіту;

- қайталанған құқық бұзушылықтар үшін мерзімдер ұзартылады.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда аталған түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Президент Әкімшілігіне қарауға енгізілді.

Интернет және телефон алаяқтықтарына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында салалық бағдарлама бекітілді. Ауыспалы абоненттік нөмірлерден қоңырауларды бұғаттау тетіктері пысықталуда. Азаматтардың алаяқтарға қарсы сауаттылығын арттыру мақсатында, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Жалпы ішкі істер органдарының жүйесін одан әрі дамыту бағытындағы Қоғаммен әріптестікте – қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасында қарастырылды», — деді Марат Ахметжанов.

Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының шетелдік автомобильдерді заңдастыру тапсырмасын іске асыру бойынша шаралар қабылдауда. Бұл жұмыс 2 кезеңге бөлінді: бірінші – заңнамаға тиісті түзетулерді енгізу; екінші – заңдастыру үшін тікелей іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Парламент Салық кодексіне түзетулерді қабылдады. Ол заңдастыруға жататын автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін төленетін алымды 200 мың теңге көлемінде белгіледі.

Сондай-ақ төлем басқа заң жобасы шеңберінде Экологиялық кодекске утилизациялық төлемді алып тастау бөлігінде түзетулер енгізледі. Ішкі істер министрлігі заңдастыруды жүргізудің тәртібін, шарттары мен мерзімдерін белгілейтін Үкімет қалусының жобасын әзірлеуде.

Министрлік биылғы қыркүйектен бастап бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде, сондай-ақ шетелдік автокөлік иелерімен тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Сонымен қатар Ішкі істер министрлігімен бірге Қаржы министрлігі кедендік декларациялау мәселелері бойынша, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік құралдарына техникалық талаптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет», — деді ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу