Жасушалы атлас медицинаны өзгертеді

05 мамыр 2017, 16:13

Қазіргі таңда әлемде жасушалы деңгейге дейін адам ағзасының картасын жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. «Жасушалы атластың» көмегімен ғалымдар ішкі мүшелерді зерттеуді жеделдетіп, жаңа дәрі-дәрмектерді іздестіре алады.  

Біздің денеміздегі 37,2 трлн. жасушаны катализдеумен Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Швеция, Израиль, Нидерланды және Жапония университеттерінің ғалымдары айналысуда.

Ғалымдардың пікірлеріне сәйкес адам денесінде жасушалардың 300 түрі бар. Жасушалар картасы үш түрлі ғылыми пән – жасушалы микродинамика, гендік секвенирлеу және жасушаны таңбалау мен бояудың жаңа әдістерін түйістіру арқылы жасалады.