Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен:  

  • Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
  • Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Өкімімен: 

  • Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды; 
  • Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу