Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Білім беруді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы: оқу бағдарламаларын жаңарту, ғылымды қолдау және электронды ҰБТ

Бейсенбі, 19 Желтоқсан 2019, 12:53:50

Үкіметтің кезекті отырысында ҚР білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2025 жылға дейінгі жобасы мәселелері қаралды. ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары және жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы баяндады.

Оның айтуынша, 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада 12 индикатор, 71 көрсеткіш және 262 іс-шараны орындау көзделген. Мемлекеттік бағдарламаның орындалуы 92%, іс-шаралар – 98,8% құрады.  

Жалпы, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік берді:

  • еліміздегі мектептер жаңартылған мазмұнға көшті;
  • колледждерде баршаға арналған тегін ТжКББ жобасы іске асырылуда;
  • университеттерге академиялық және қаржылық дербестік берілді;
  • отандық ғалымдардың беделді журналдарда жариялау белсенділігі 2,5 есе өсті.

Министр атап өткендей, қазіргі таңда білім және ғылым жүйесінің алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұр. Оларды шешу үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірқатар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға негізделген, білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Бұл «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Мемлекет басшысының сайлауалды платформасы, тамыз кеңесінде және Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалар толығымен ескерілген.

«Бағдарлама жобасы педагогикалық ұжымдарда мұғалімдермен, Президент жанындағы Ұлттық кеңестің өкілдерімен, сарапшылармен және Парламент депутаттарымен талқыланды. Бұл жобаның ерекшелігі – PISA, TALIS, PIAAC, PIRLS, ISILS секілді 5 халықаралық зерттеудің нәтижелері бізге негізгі проблемаларды анықтауға және олардың шешімдерін табуға мүмкіндік берді. Жалпы, жаңа Мемлекеттік бағдарлама жобасында 2 мақсат, 11 міндет, 8 индикатор, 39 көрсеткіш қарастырылған», — деді А. Аймағамбетов.

Жаңа мемлекеттік бағдарламаға сәйкес негізгі міндеттер айқындалды:

  • Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • Жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту;
  • Ғылымның ел экономикасына қосар үлесінің артуы.

Мақсаттарға жету үшін 5 бағыт, 11 міндет қарастырылған.

Бірінші орын — педагог мәртебесі

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 4 жыл ішінде 500 мың педагогтің жалақысын 2 есеге арттыру қарастырылған.

Министрдің айтуынша, педагогтерді қайта даярлаудың, біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі енгізіледі; алдағы уақытта балабақша, қосымша білім беру, колледж педагогтерінің жалақысы өседі, олардың жетекшілеріне аттестаттау қорытындысы бойынша педагогтердің еңбегін нормалау жүйесі енгізіледі; 2021 жылдан бастап университет түлектері сертификациядан өтеді.

Сонымен қатар, педагогикалық білімді жетілдіру, болашақ мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін өзгерту, оқу бағдарламаларын 100% жаңарту қарастырылған. 

«3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен 100% қамту қарастырылған. Сапаны жақсарту мақсатында лицензиялауды кезең-кезеңімен қайтару және балаларды мектепке даярлауды жақсарту үшін тиісті бағдарламаларды енгізу қарастырылуда. Өңірлердегі жекеменшік балабақшалардың ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік тапсырыс құны 30 мың теңгеге дейін артты. Бұл үшін республикалық бюджеттен шамамен 400 млрд теңге бөлінді», — деді ведомство басшысы.

Сонымен бірге, арнайы күзет, бейнебақылау, қауіпсіз тасымалдау, тамақтану нормалары мен мөлшерін қайта қарау, асханалардағы қолма-қол ақшасыз төлемдерге біртіндеп көшу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау бойынша мемлекеттік тапсырыстарды жан басына қаржыландыру, кибер мәдениетті қалыптастыру мәселелерін 100% шешу жоспарланған. Сондай-ақ, буллинг пен суицидтің алдын алудың бірыңғай бағдарламасын енгізу жоспарлануда.

А. Аймағамбетов атап өткендей, мектеп пен ата-ана қарым-қатынасының жаңа форматы, білім берудің барлық деңгейлерінде «Жас Қыран», «Жас Ұлан» қозғалысын одан әрі дамыту, театрға тарту, пікірсайыс қозғалысы, «құндылықтарға негізделген білімді» іске асыру жоспарланған. Оқушылар мен студенттер үшін спорт лигасын құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 30% құрайды.

Ауылдарда орта білім беру сапасын арттыру

Оқулықтарды әзірлеу, сараптау, басып шығарудың жаңа жүйесін енгізу, білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуді аяқтау, 12 жылдық білім беруге біртіндеп көшу, критерийлік бағалау мен оқу бағдарламаларын жетілдіру қарастырылған.  

Балаларға арналған білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы инклюзивті білім алуға жағдай жасалған. Инклюзивті білім беру 55%-дан асты.

Тағы бір маңызды міндет — қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту. Осы мақсатта кешенді шаралар қабылданады: шағын жинақы мектептерді білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету, еңбекақы төлеу жүйесі өзгереді, ауыл мектептерін оқу материалдарымен, компьютер жабдықтарымен және цифрлық құрылғылармен толық қамтамасыз ету көзделген. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 150 млрд теңге қарастырылған.

800 жаңа мектеп құрылысы тапшылық мәселесін шешеді

Болжам бойынша 2025 жылға қарай орындар тапшылығы шамамен 500 мың орынды құрайды. Бұл мәселені шешу үшін мектептер мемлекет пен жеке сектордың есебінен салынады.

Атап айтқанда, мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар тарту есебінен 650 мыңнан астам орынға арналған 800 жаңа мектеп салу жоспарлануда.

«Бұл үшін 876 млрд теңге бөлінеді. Соның нәтижесінде орындар тапшылығы мен үш ауысымды мектептер мәселесі шешіліп, апатты жағдайдағы мектептердің саны азаяды», — деді министр.

Сонымен қатар, ауыл мектептерін қолдау бойынша «Ауыл – бесігі» бағдарламасы аясында ауылдық тірек мектептер үшін 114 интернат құрылысына 53 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Жаңа бағдарлама аясында барлық мектептерді заманауи физика, химия, биология, STEAM пәндік сыныптарымен толық қамтамасыз етуге 100 млрд теңге бөлінеді, ал пәндік кабинеттерді компьютерлермен 100% қамтуға 50 млрд теңге бөлінеді.

Жыл сайын 100 мың студент колледждерде тегін оқиды

«Жас маман» жобасы аясында 180 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылады, оған бюджеттен 58 млрд теңге қарастырылған.

«Тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламасы жыл сайын 100 мың студентті қамтиды. Ал қосарлы білім алумен қамтылған студенттердің саны 35%-ға жетеді. Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейі 63%-дан 75%-ға дейін артады», — деді ведомство басшысы.

ҰБТ электронды форматқа көшіріледі

Мұндағы міндет — кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын 100% жаңарту. Шетелдік студенттер саны жалпы контингенттің 10% құрайтын болады.

Министрдің айтуынша, профессорлық-оқытушылар құрамның жалақысын көтеру, білім беру гранттарын орта есеппен 340-420 мыңнан 900 мың теңгеге дейін арттыру арқылы университеттердің материалдық базасын жақсарту қарастырылған.

«Бұл көптен күткен жаңалық, 2011 жылдан бастап грант құны өзгерген жоқ деуге болады. Ол үшін бюджеттен 244 млрд теңге бөлінеді. 10 университетте академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 21 млрд теңге бөлінеді. 10 университет әлемдегі үздік 500 университеттің қатарына қосылады», — деді А. Аймағамбетов.

Сонымен қатар, ҰБТ тапсыру тәртібі электронды форматқа көшіріліп, бірнеше грант түрлері енгізіліп, жоғары білімнің қолжетімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіледі.

2025 жылға дейін 90 мың орынға жатақханалар салынады.

Білім беру жүйесіндегі кадрлардың ауысуы

Осыған байланысты 2021 жылдан бастап аудандық білім бөлімдерін басқару облыстық деңгейге өтеді.

«Қаржыландыру да облыстық деңгейге көтеріледі. Ол өңірлер мен мекемелер арасындағы білім алшақтықтығын төмендетуге бағытталады», — деді министр.

А. Аймағамбетовтың айтуынша, соңғы уақытта білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау тәртібі туралы сұрақтар көбейіп келеді. Мәселен, бірқатар ұйымдардың басшылары 20 жылдан астам уақыт бойы бір жерде жұмыс істеп келеді.

«Сондықтан біз жаңа жүйе бойынша балабақша, мектеп және колледж директорларын тағайындайтын боламыз. Сонымен қатар, алдағы уақытта ауыстыру жүйесін ротация арқылы қолданатын боламыз. Қазіргі заман талабына сәйкес білім беру саласы автономды басқарудан корпоративті басқаруға көшеді», — деді ол.

Ғылыми әлеуетті нығайту

  • Біріншіден, егер 2019 жылы ғылымды қаржыландыру 43 млрд теңгені құраса, 2025 жылы ол 400 млрд теңгеге жетеді;
  • Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жас ғалымдарды қолдауға жыл сайын 3 млрд-тан астам теңге бөлінеді;
  • Үшіншіден, егер бұған дейін гранттар бойынша конкурстар үш жылда бір рет өткізілсе, келесі жылдан бастап ол жыл сайын бөлінетін болады;
  • Төртіншіден, ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жеке бюджеттік бағдарлама жасалады.

Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру бойынша ғалымдардың цифрлық дағдыларын дамыту, ғылыми ұйымдардың кадрлық және басқарушылар құрамын қайта даярлау бағдарламаларын іске асыру мәселелері қарастырылады.

Жалпы, бағдарлама аясында білім беруді қаржыландыру көлемі 6 есеге, ғылымды қаржыландыру 7 есе өсті.

Білім және ғылым министрінің айтуынша, Бағдарламаны іске асыруға 11 трлн 578 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Сонымен қатар, жеке инвестициялардың үлесі артып, 1 трлн 284 млрд теңгені құрады.

Айта кету керек, Көкшетаудағы АТ мектеп-лицейінің директоры А. Балташева педагогикалық қауымдастық атынан Үкімет отырысына шақырылды. Ол өз сөзінде жаңа мемлекеттік бағдарламада педагог мәртебесіне ерекше мән берілгенін, ал іске асырылған бағдарламада бұған мән берілмегенін атап өтті. А. Балташеваның айтуынша, мұғалімдерді қайта даярлаудың жаңа жүйесін енгізу және жалақының өсуі мектеп педагогтерінің мәртебесін көтеріп, жас мамандардың жаңа ағымын қамтамасыз етуға ықпал етеді. 

Бұған қоса, білім беру мекемесінің директоры жаңа мемлекеттік бағдарламада білім беру мәдениетіне баса назар аударылып, мектеп пен ата-ана қарым-қатынасының жаңа форматын енгізу қарастырылғанын атап өтті. Енді білім беру қазақстандық мұғалімдерді қуантатын жаңалық — құндылықтарға негізделетін болады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
23 Қыркүйек 2020, 21:04
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі
23 Қыркүйек 2020, 19:00
Людмила Бюрабекова ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды
23 Қыркүйек 2020, 17:50
«Бәйтерек» холдингінің өңдеуші секторды қаржылық қолдауы 17%-ға артты
23 Қыркүйек 2020, 14:43
 «Астана EXPO-2017» ЖЭС биыл жыл соңына дейін 100 МВт көлеміндегі толық қуатына шығады
22 Қыркүйек 2020, 19:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 17:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №596 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 17:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі №597 Қаулысы
22 Қыркүйек 2020, 16:18
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
22 Қыркүйек 2020, 13:14
ҚР Үкіметінің отырысы, 22.09.2020
22 Қыркүйек 2020, 12:12
Қазақстанда егін жинау жұмыстары 93,4%-ға аяқталды — ҚР АШМ
22 Қыркүйек 2020, 11:16
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау саласында 65 қоғамдық ұйым жұмыс істейді — ҚР СИМ
22 Қыркүйек 2020, 10:05
Үкімет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді
22 Қыркүйек 2020, 10:02
2020 жылы ҚР егінінің экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тонна астықты құрайды
21 Қыркүйек 2020, 23:23
Қазақстан Президенті БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі іс-шарада сөз сөйледі
21 Қыркүйек 2020, 12:54
Үкіметте бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды
21 Қыркүйек 2020, 11:44
22 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
20 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №78
19 Қыркүйек 2020, 15:53
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды
18 Қыркүйек 2020, 22:27
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты
18 Қыркүйек 2020, 18:26
ҚР Үкіметінде жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу мәселелері талқыланды
18 Қыркүйек 2020, 18:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №590 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №589 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №588 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №587 Қаулысы
18 Қыркүйек 2020, 17:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі №584 Қаулысы
17 Қыркүйек 2020, 18:56
Қазақстан Премьер-Министрі А. Мамин Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедовпен келіссөз жүргізді
17 Қыркүйек 2020, 18:45
ҚР Үкіметінде мүгедек жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі талқыланды
16 Қыркүйек 2020, 21:35
Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
16 Қыркүйек 2020, 18:09
Ерлан Қиясов ҚР денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2020, 17:16
Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 20:33
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған агенттіктердің төрағалары Серік Жұманғарин мен Қайрат Келімбетовті қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 14:53
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
15 Қыркүйек 2020, 12:26
Қазақстанда бағаны тұрақтандыру үшін ішкі нарықты негізгі азық-түлікпен толықтыру жұмысы жүргізілуде — ҚР АШМ
15 Қыркүйек 2020, 10:27
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жыл соңына дейін 6%-дан аспайды — ҚР СИМ
15 Қыркүйек 2020, 10:07
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының тұрақтылығына қатаң бақылау орнатуды тапсырды
15 Қыркүйек 2020, 09:44
Биыл Қазақстанда Индустрияландыру картасы аясында құны 1 трлн теңге болатын 206 жоба іске қосылады
15 Қыркүйек 2020, 09:29
2020 жылдың 8 айында Индустрияландыру картасы бойынша 4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды — ҚР ИИДМ
14 Қыркүйек 2020, 19:23
Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады
14 Қыркүйек 2020, 18:42
Ведомствоаралық комиссия бизнес нысандарының жұмысын жеңілдету бойынша шешімдер қабылдады
14 Қыркүйек 2020, 11:55
Қазақстанда Индустрия 4.0 енгізу немесе «ақылды» зауыттар карантин мен әлемдік пандемия кезеңінде өз жұмыстарын қалай атқарды
14 Қыркүйек 2020, 11:12
15 қыркүйек күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
14 Қыркүйек 2020, 10:51
ЕЭК Кеңесінің отырысында еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары қаралды
13 Қыркүйек 2020, 09:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №77
11 Қыркүйек 2020, 16:18
Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады
11 Қыркүйек 2020, 13:07
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді таныстырды
10 Қыркүйек 2020, 23:02
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды
10 Қыркүйек 2020, 19:20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды
10 Қыркүйек 2020, 18:59
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді
10 Қыркүйек 2020, 17:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Қаулысы
10 Қыркүйек 2020, 17:06
Қашықтан білім беру, мектептердегі эпидемиологиялық ахуал, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету — Қазақстанда оқу үдерісі қалай ұйымдастырылған
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.