Үкіметте бюджеттік және квазимемлекеттік сала қызметкерлерінің жекелеген санаттарының табысы талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттік және квазимемлекеттік секторлардағы жалақысы төмен қызметкерлердің табысы бойынша жиын өткізді.

Жиынға Еңбек және халықты әлемуеттік қорғау, Қаржы, Ұлттық экономика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорының өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ Қор компаниялары тобындағы жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын арттыруды көздейтін бизнес-жоспарларды қалыптастыру жолдарын талқылады.

Талқылауды қорытындылай келе Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу