Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

2017 жылдың 10 айында өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,2% құрады — А. Айдарбаев

23 қараша 2017, 15:19

Бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев Мемлекет басшысының «Индустрия 4.0» элементтерін енгізумен жылдамдатылған технологиялық жаңару бойынша міндеттері қалай орындалып жатқаны туралы айтып берді.

Оның айтуынша, 2015–2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың арқасында өңдеу өнеркәсібінің дамуы қамтамасыз етіліп, экономика дамуына үлес қосылуда.

«Осы жылдың 10 айында өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,2% құрады және ол бесжылдықтың барлық басымдықты секторларында байқалады», — деді Алик Айдарбаев.

2017 жылдың 6 айында еңбек өнімділігі 14,5 мың $ құрады. Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 2017 жылдың 8 айында 23% өсіп, 9,9 млрд $ жетті.

Спикер жыл басынан бері ҚР ИДМ «Индустрия 4.0»-ге көшу бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті. «Индустрия 4.0»-ге көшуге әзірлігі тұрғысынан өнеркәсіпке талдау жүргізілді, осы мақсатта өңдеу өнеркәсібі және ТКМК секторларында 600-ден астам кәсіпорын зерттелді. Зерттеу нәтижесі бойынша өңдеу өнеркәсібінде шамамен 20%-ы келесі сатыға өтіп, «Индустрия 4.0» технологияларын енгізу үшін жеткілікті технологиялық, ұйымдастырушылық және кадрлық базаға ие екені анықталды. Тау-кен секторында көрсеткіш шамамен 40% құрайды.

Сондай-ақ, бизнесті инновацияларды енгізуге ынталандыру үшін тиісті жүйелік шаралар әзірленген.

«Индустрия 4.0» технологияларын енгізуді дәріптеп, бизнеске цифрлық жобаларды іске асыруда көмектесу үшін цифрлық технологиялардың демонстрациялық алаңдарына айналатын моделдік цифрлық фабрикалар құрылады. Осы жылдың соңына дейін аталған жобаны пилоттық іске асыру үшін кәсіпорындар іріктеліп алынады. Оларды мысалға ала отырып цифрландырудың жол карталары әзірленеді.

Қорытындылай келе, вице-министр қазақстандық өнеркәсіптің «Индустрия 4.0»-ге көшуін ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар экономиканың қарқынды дамуына және аса озық дамыған 30 бәсекеге қабілетті елдің қатарына кіруге ықпал ететінін айтты.

1/6
2/6
3/6
4/6
5/6
6/6