Бақытжан Сағынтаев Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

09 наурыз 2017, 19:16
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Отырыс барысында ҚР Индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарын ескере отырып, Республикалық индустрияландыру картасын өзекті қылу мәселелері талқыланды.