Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Ағымдағы жылдың соңына дейін ТДЖҰА инновациялық жобалар бойынша сараптамалық базаны арттыруды жоспарлауда

03 шілде 2013, 14:05

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік ағымдағы жылдың соңына дейін жобаларды инновациялық сүйемелдеу бойынша тәуелсіз сарапшылардың санын шамамен 2 есеге арттыруға ниетті, деп хабарлады «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ төрағасы Айдын Кульсеитов даму институтының 10-жылдығына арналған баспасөз конференциясында.  

                                       

«Біздің базада қазіргі таңда шамамен 237 сарапшы бар, олардың 60-тан астамы жақын және алыс шетелден. Жылдың соңына дейін олардың санын 500-ге дейін жеткіземіз деген үміттеміз», - деді А.Кульсеитов.

Сонымен қатар, ол инженерлерді оқыту және жобаларды жүргізу үшін жеке мамандарды даярлау жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оған қоса, технологиялық бизнес-инкубациялау шеңберінде 96 бастаушы инновациялық кәсіпорынға 681 млн теңгеге қызмет көрсеткен шамамен 9 технопарк жұмыс жасайды. 

                                     

Бұдан өзге, жобаны одан әрі коммерциялау үшін тұжырымдаманың негіздемесінде жаңашылдарға көмек көрсететін коммерциялаудың 21 офисі жұмыс жасайды.

Осылайша, 2011-12 жылдары шамамен 121 тұжырымдама негіздемесі әзірленген, олардың 27 жобасы одан әрі коммерциялауға кетті.