ФОТОРЕПОРТАЖ: «Өнімділік-2020» – кәсіпорындарға нақты қолдау көрсету

04 тамыз 2016, 00:16
Астана
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Астанада өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша баспасөз турында «KazConstruction Group» ЖШС және «АТЖШ» ЖШС мысалында «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында кәсіпорындарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау көрсетілді.  

«KazConstruction Group» ЖШС құрылыс материалдарын – тауарлық бетонды және пенопалистерол өндіруші болып табылады. «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында «Технологиялық үдерістерді жетілдіру» құралын пайдаланып, кәсіпорын шеф-монтаждық және іске қосу-жөндеу жұмыстарына шығындарды  өтеді.

ИИДМБ аясында кәсіпорын диаметрі 20–1200 мм болатын полиэтиленді құбырлар өндірісі жобасын жүзеге асырды. 2011-2012 жылы 2 200 млн теңгеден астам сомаға дайын өнім сатылды. 2013-2014 жылдары Астана қаласының индустриалды паркінде «Астана АЭА– жаңа қала» аумағында полиэтиленді және алдын ала оқшауланған құбырлар өндірісі жүзеге асырылды.  

Компания еліміздің Қарашығанақ газоконденсат кен орнын жөндеу (Ақсай қ., Батыс Қазақстан облысы), Қашаған кен орнын жабдықтау (Қарабатан ауылы, Атырау облысы), «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жолының құрылысы, Атырау мұнай өңдеу зауытын жөндеу сияқты жобаларға қатысады.

Кәсіпорын келесі құрылыс-монтаждау жұмыстарының түрлерін жасайды: қоғамдық және өнеркәсіп ғимараттары; отын қоймалары, мұнай базалары; америкалық технологиялар бойынша металл құрылымдар мен қаңқасыз ангарлар; кабельдік байланыс желілері, талшықты-оптикалық байланыс желілері; электрмен қамту, газбен қамту және кәріз жүйесі.

«Астана теміржол шаруашылығы» ЖШС теміржол көлігі саласыда кешенді көліктік-логистикалық және өндірістік қызметтер көрсетуге мамандандырылған.

«Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында кәсіпорын «Кәсіпорынның құзыретін арттыру» құралын пайдаланып, қызметкерлерді оқытуға шығынды өтеді.

АТЖШ транзиттік жүктер мен республика ішілік жүктерді қоймада сақтау қызметтерін көрсетіп, вагондармен маневрлік жұмыстарды жасайды.

Тасымалдау процесін жүйелі жүзеге асыру және вагондарды жіберу-жинау бойынша жұмыстарды үйлестіру үшін компанияның жеке диспечерлік қызметі бар. Пайдаланылатын локомтивтердің техникалық жағдайын үздіксіз бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ,  локомотивтердің жұмысын бақылаудың заманауи автоматтандырылған жүйелері GPS және процестерді видеотіркеу пайдаланылады.