Кәрім Мәсімов МЖӘ жүйесін дамыту арқылы өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізу мәселелерін талқылады

16 тамыз 2016, 22:31
Шығыс Қазақстан облысы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі мемлекеттік органдармен және өндіріс өкілдерімен ғылыми-техникалық мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында ғылым мен өндірістің жеткіліксіз интеграциясы, сондай-ақ осы мәселені шешу үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жүйені дамыту қажеттігі басты назарға алынды.

Шығыс Қазақстандағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық ұйымның және өнеркәсіптік кәсіпорындарды өңдеу туралы кеңеске қатысқандарға ШҚО әкімі Д.Ахметов және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Ж.Шаймарданов мәлімдеді.

Медицина, өндірістік және технология саласындағы түрлі ғылыми жобаларды дамыту бойынша «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тантал өндірісінің директоры А.Цораев, жоба жетекшілері С.Плотникова, Ж.Оңалбаева, М.Дудкин, «Қазмырыш» ЖШС металлургия атқарушы директоры К.Видякин, «Шығыстүстімет» ЖШС жобасының жетекшілері Р.Быков, Г.Нұршайықова, Н.А.Чинакала атындағы Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тау-кен институтының директоры А.Кондратенко, жоба жетекшісі А.Жылкашинова баяндама жасады.

Кеңеске қатысушылар ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландырудың негізгі элементі нақты экономиканың секторына енгізу екенін атап өтті.

Айтылған жобаларға білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова, инвестициялар және даму вице-министрі Т.Тоқтабаев өз пікірін білдірді.

Мемлекеттік органдардың өкілдері міндетті түрде механизм құрып, ғылыми жобаларды және салалық министрліктер бағдарламасын дайындау және жүзеге асыру кезінде атқарушы органдармен, өңірлік техникалық университеттермен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынаста болуы керектігін айтты.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тақырыбын дамыту үшін кеңеске қатысушылар жаһандық дағдарыс жағдайында МЖӘ мемлекеттік міндеттемелерді орындау тиімділігін бюджет шығыстарын және экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін ұлғайтпай-ақ қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. 

МЖӘ қағидасын дамыту мәселесі туралы «Бәйтерек» АҚ басқарушы директоры А.Қуатова, халықаралық сарапшы, өңірлік ЕҚҚДБ бас экономист А.Прейманис, концессиялық жобаларды өкілі, Global Construction Technologies ЖШС директоры Г.Уатаев сөз сөйледі.

Талқылауды қорытындылай келе, Премьер-Министр ҚР Білім және ғылым министрлігіне айтылған жобалар туралы барлық мәселелерді жинауға және Үкіметі жанындағы ЖҒТК қарауына ұсынуды тапсырды.

«Ешбір жоба назардан тыс қалмауы қажет», – деп атап өтті Кәрім Мәсімов.

Анықтама үшін:

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында әр түрлі салаларда ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ететін және индустриализация үшін кадрлар дайындайтын 10 ЖОО-ны атап өтті.

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы әртараптандыруды ынталандыруға және 14 экономика секторында және 6 басым салаларында – металлургия, химия, мұнай химиясы, машина жасау, құрылыс материалдары,  тағам өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Қазақстанда 2015 жылдың қорытындысы бойынша ИИДМБ-2 аясында 150 жоба енгізілді және 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. 2016 жылы 120 жоба пайдалануға берілу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 14 мың жаңа жұмыс орны құрылады.