Қазақстан 2020 жылға қарай ең қолайлы логистикалық климатқа ие 40 елдің қатарына енуді жоспарлауда

04 тамыз 2016, 23:56
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

2020 жылға қарай Қазақстан логистикалық климаты ең қолайлы (LPI) 40 елдің қатарына ену бойынша тапсырманы алға қойып отыр, яғни төрт жылдың ішінде 77-ші орыннан 40-орынға дейін көтерілуі тиіс

«Сапалы көлік-логистикалық инфрақұрылымды құру және икемді тарифтік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ нарық қатысушыларымен серіктестік қарым-қатынасты нығайту  көлік қызметтерін және Қазақстанның халықаралық логистикалық рейтингісінде позициясын 160 елдің ішінде  88-ші орыннан 77-орынға көтеруге түрткі болады. Біз алдымызға мақсат қойдық, 2020 жылға қарай Қазақстан ең қолайлы логистикалық климатқа ие 40 елдің қатарына енуі тиіс», - деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Көлік қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты жиналыс барысында.

Оның айтуынша, компания магистральді темір жол желісінің өткізу қабілетін кеңейту, автомобиль жолдары желілерін жетілдіру, Тынық мұхиты жағалауынан  бастап Парсы шығанағы мен Балтыққа дейінгі трансқұрлықтық бағыттардың қажетті логистикалық инфрақұрылымын жасау саясатын жүргізіп жатыр.

«Алғашқы 22 айда пайдалануға берілген Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл жаңа темір жол желілері бойынша 15,7 млн тонна жүк өтті. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және олардың толық қуатта іске қосылуы Қазақстанның экономикасына жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп түсіндірді А.Мамин.