Қазақстандықтар қалай ақша табады және оны қайда жұмсайды

08 маусым 2017, 16:42

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ел тұрғындарының қалай ақша табатыны жайлы және өз табыстарын қайда жұмсап, қандай өнімдерді тұтынатыны туралы мәліметтерді жариялады.

Санақшылар қазақстандықтардың халықтың жан басына шаққандағы кірісі жылына орташа есеппен 75 мың теңгені құрайтынын анықтады. Оның жартысы азық-түлік тауарларына жұмсалады. Орташа статистикалық қазақстандық жылына шамамен 235 литр сүт, 40 кг қант, 130 кг нан, 73 кг ет, шұжық және басқа да ет өнімдерін тұтынады.