Б. Тілепов: Тәуелсіздіктің маңызды жетістіктерінің бірі — кәсіби және белсенді ҮЕҰ қауымдастығы

Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанның азаматтық қоғамы тұрақтылық пен институционалдық дәстүрлерді сақтауда мемлекеттің сенімді серіктесі болған бірнеше ұйымнан тұтас институтқа дейінгі жолдан өтті. Азаматтық қоғамды дамыту және мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Primeminister.kz-ке берген сұхбатында айтып берді.

— Болат Анапияұлы, Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту үшін мемлекет қандай шаралар қабылдап жатыр және оған қандай алғышарттар себеп болды?

— Тәуелсіздіктің маңызды жетістіктерінің бірі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби, белсенді және тәуелсіз қоғамдастығы болып табылады. Бұл 30 жыл бойы мемлекетіміздің алдында тұрған міндет. Азаматтық қоғамды қалыптастыру мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі, оған бастама білдірген Елбасы және оны Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев үнемі айтып жүреді.

Соңғы 30 жылда үкіметтік емес ұйымдар желісі 100 ҮЕҰ-дан 22 мыңға дейін өсті. Елімізде ҮЕҰ-ның жаңа және айтарлықтай күшті бастамалары пайда болды, олардың көпшілігі қоғам үшін қызметтердің кең спектрін іске асыра отырып, табысты жұмыс істейді. Іс жүзінде азаматтық қоғам институттары жыл сайын мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларында өз қолданысын табуда.

Кез-келген қазіргі заманғы мемлекет қоғамның ішіндегі бар проблемаларды шешуге тиімді ықпал ете алатын сенімді серіктестерге мұқтаж. Олардың болмауы қоғамның кез-келген прогрессивті дамуын жоққа шығаратыны белгілі.

Азаматтық қоғам, кез-келген институт секілді, ең алдымен оның қызметін қамтамасыз ету үшін заңнамалық реттеуді қажет етеді. Бүгінгі таңда азаматтық қоғам саласында ҚР қабылданған негізгі заңдары — ҚР «қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Кәсіптік одақтар туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы, ҚР үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Бейбіт жиналыстар туралы» заңдары.

Елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуы Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрініс тапты. Ол азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған заңнамалық және өзге де құқықтық актілерді жетілдіру, одан әрі әзірлеу және қабылдауға негіз болды. 

Жоғарыда аталған құжаттар ең жақсы тәжірибелерді жүзеге асыруға және бүгінгі күні әрекет етіп тұрған дәстүрлерді енгізуге мүмкіндік берді.

Азаматтық қоғам ұйымдарының қызметі үшін құқықтық негіздер құрылып, жетілдірілуде. Азаматтық қоғам мен ҮЕҰ-ға қатысты заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізу туралы бастама көтерілді. Әңгіме мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру, мониторингтеу тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы; мемлекеттік гранттардың пайда болуы туралы; жаңа институт – қоғамдық кеңестердің пайда болуы туралы; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын енгізу туралы болып отыр.

Президент Жарлығымен ұзақ мерзімді перспективада азаматтық секторды дамытудың негізгі бағыттарын айқындайтын жаңа стратегиялық құжат — Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы бекітілді.

 

— Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы қандай негізгі бағыттарды қамтиды және оны іске асырудан қандай нәтиже күтуге болады?

Құжат азаматтық қоғам мен билік органдарының өзара іс-қимылы саласындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарды айқындайды. Тұжырымдамада азаматтық сектор қызметін трансформациялау бойынша жаңа тәсілдер көзделген.

Тұжырымдамаға енгізілген шаралар кешенін іске асыру 2030 жылға дейін есептелген. Тұжырымдаманы іске асыру жүйелілік, дәйектілік және ведомствоаралық өзара іс-қимыл қағидаттарына негізделетін болады. Осыған байланысты Тұжырымдама екі кезеңде іске асырылатын болады: бірінші кезең 2020-2025 жылдардан бастап және екінші кезең 2026-2030 жылдардан бастап. 

Қазіргі уақытта Министрлік Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасында 5 негізгі бағыт белгіленген.

Азаматтық қоғам мен оның институттарын, оның ішінде қоғамдық-саяси саланы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау. 

Қолайлы жағдайлар деп біз заңнамалық деңгейде ҮЕҰ қызметін дамыту және жетілдіру үшін қажетті жағдайлар жасауды айтамыз. Осы норманы іске асыру үшін азаматтық қоғамды дамыту үшін заңнамалық және институционалдық негіздерді жетілдіру жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады, сондай-ақ азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде қоғамдық кеңестердің, консультативтік-кеңесші құрылымдардың және шешімдер қабылдауда кері байланыстың басқа да арналарының қатысу нысандары мен рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.

 

Азаматтық белсенділікті қолдау және дамыту

Аталған міндетті іске асыру шеңберінде елімізде волонтерлікті жүйелі дамыту жалғасады. Волонтерлік қозғалысты дамытуға, әсіресе пандемия кезеңінде, биылғы жылды Волонтерлер жылы деп жариялаған ел Президентінің бастамасы үлкен серпін берді. Бүгінде біз азаматтық белсенділіктің нәтижелерін байқап отырмыз. Мысалы, «Біргеміз» республикалық фронт-офисі тұлғасында волонтерлік инфрақұрылымы және өңірлік деңгейден республикалық деңгейге дейін бірыңғай вертикаль қағидаты бойынша 17 өңірлік фронт-офис құрылды, «жедел желілер» ашылды, Qazvolunteer.kz онлайн-платформасы іске қосылды, онда 45 мыңнан астам еріктілер, 3063 ұйым және 977 жоба тіркелген. Еріктілер нақты көмек көрсетуде. Пандемия кезінде еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған 1 миллионнан астам азаматқа көмек көрсетті.

Жоғарыда көрсетілген Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасында жоғары оқу орындарының ҮЕҰ-мен азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту көзделген, бұл білім алушылар арасындағы құқықтық мәдениетті дамытуға және студент жастардың қоғам өміріне араласуын арттыруға жол ашады.

 

Шешімдер қабылдау және мемлекеттік істерді басқару процесіне азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының қатысу деңгейін арттыру

Ел Тәуелсіздігінің бүкіл тарихында алғаш рет қоғамдық бақылау институты енгізілетін болады. Бұл азаматтық қоғам институттарына деген жоғары сенімді білдіреді. Бастамаға сәйкес қоғамдық бақылау мемлекеттік бақылаудың баламасы болуы тиіс. Министрлік «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасын әзірлеуде, ол көптеген алаңдарда қызу талқылануда және бұл қуантады. Қоғамдық бақылау — бұл елдің мемлекеттік және квазимемлекеттік секторының транспаренттілігіне тікелей әсер ететін құрал екенін түсіну қажет.

Сонымен қатар, «Кейбір заңнамалық актілерге ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы ҚР Парламентінің қарауында жатыр. Заң жобасының новеллалары мемлекеттік органдардың және басқа да иеленушілердің ақпараттық ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін болады, бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына маңызды көшу болмақ. 

Сонымен қатар, ҮЕҰ, халықаралық сарапшылардың, оның ішінде ЭЫДҰ ұсынымдары негізінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленді, қоғамдық кеңестердің мәртебесін оны квазимемлекеттік секторға енгізу арқылы күшейту жоспарлануда.

Бүгінгі таңда қоғамдық кеңестер барлық мемлекеттік органдарда бар. Талдау қоғамдық кеңестер құрылымында ҮЕҰ-ның белсенділігін көрсетеді, қоғамдық кеңестер құрамындағы ҮЕҰ үлесі 10%-ға ұлғайды.

 

Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайту

Осы міндет шеңберінде ҮЕҰ кәсібилендіру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Қазіргі уақытта елімізде ҮЕҰ өкілдері үшін жүйелі мамандандырылған білім және біліктілікті арттыру бағдарламалары жоқ.

Сонымен қатар, ҮЕҰ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды қоса алғанда, оны қаржыландыру көздерін әртараптандыру «үшінші» сектордың орнықтылығына ықпал ететін болады.

Осыған байланысты министрлік «ҮЕҰ академиясы» жобасын іске қосты, оның мақсаты ҮЕҰ қызметін кәсібилендіру болады. Бұл Қазақстанның ҮЕҰ басшылары үшін қажетті құқықтық және басқарушылық білімдердің алғашқы жүйелендірілген курсы.

Біздің басты міндетіміз – ҮЕҰ өкілдерін қашықтан және мобильді оқытуды ұйымдастыру үшін қазақстандық платформа құру, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің кәсіби дағдыларын дамыту.

 

Қазақстанда БҰҰ ОДМ имплементациялау процесіне азаматтық қоғамды тарту

Жоспар жобасының шеңберінде бірінші кезеңде азаматтық қоғам ұйымдарының қатысуымен орнықты даму мақсаттарын іске асырудың қоғамдық мониторингін ұйымдастыру көзделген.

Жалпы алғанда, тұжырымдаманы іске асыру қорытындысы бойынша азаматтардың азаматтық қоғам институттарының жұмысына қатысуының артуы, азаматтық секторда жұмыс істейтін азаматтар санының ұлғаюы және әр түрлі әлеуметтік топтар тарапынан азаматтық қоғам институттарына сенім деңгейінің артуы күтіледі.

Қойылған міндеттерді сапалы іске асыру азаматтық қоғамды дамудың жаңа деңгейіне шығаруға және неғұрлым тығыз сындарлы диалогқа мүмкіндік беретіні сөзсіз.

 

— Бүгінгі таңда ҮЕҰ қаржылық тұрақтылығының қандай құралдары бар?

Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі формасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру болып отыр, олардың тізбесі мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын, халықаралық тәжірибені, сондай-ақ тікелей үкіметтік емес ұйымдардан келіп түсетін ұсыныстарды ескере отырып қалыптастырылады.

Мемлекеттік сыйлықтар мен гранттық қаржыландыру да азаматтық қоғам институттарын қаржылық қолдау құралдары болып табылады.

Биылғы жылы сыйлық түрінде ҮЕҰ мемлекеттік қолдауға жалпы сомасы 83 млн 340 мың теңгеге 38 ҮЕҰ ие болды.

ҮЕҰ жобаларын қаржыландыру 1 млн-нан 27 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Осыған байланысты біз азаматтық қоғамның барлық субъектілерімен серіктестік қарым-қатынас орнату, оларды қаланың өзекті мәселелерін шешуге тарту бойынша тиімді шаралар қабылдап жатырмыз.

 

— Жақында Қазақстанның IX Азаматтық форумы өз жұмысын аяқтады. Оның ерекшелігі неде және қандай нәтижелерге қол жеткізілді?

— Тәуелсіздіктің маңызды жетістіктерінің бірі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби, белсенді және тәуелсіз қоғамдастығының қалыптасуы болды. Бұл 30 жыл бойы мемлекетіміздің көз алдында тұрған міндет. Сондықтан, биылғы IX Азаматтық Форум біздің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында өтті.

Азаматтық форум алаңының өзі бірегей. Аталған жобаны іске асыру 2003 жылдан бастап жүргізілуде және екі жылда бір рет өткізіледі.

2020 жылғы 23-27 қарашада «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» IX Азаматтық форумы өтті. Форум өз тарихында алғаш рет аралас — офлайн және онлайн форматта өткенін атап өткім келеді. Форум алаңдары азаматтық қоғам апталығы аясында ұйымдастырылып, біріктірілді.

Форум алаңдарының жалпы қамтылуы 20 000-нан астам адамды құрады. Форумның ашылу рәсімін 1 500-ге жуық адам тікелей эфирден тамашалады.

Форум аясында 40-тан астам түрлі форматтағы диалог алаңдары ұйымдастырылды. Орталық мемлекеттік органдардың 12 басшысы салалық кездесулер өткізді, онда ҮЕҰ өкілдері «еркін микрофон» форматында өздерін толғандыратын сұрақтар қойды.

IX Азаматтық форумның қорытындысы бойынша азаматтық қоғам өкілдерінен 650-ден астам ұсыныстар мен ұсынымдар келіп түсті. Оның ішінде республикалық форумның қорытындысы бойынша 500-ден астам ұсыным, 17 өңірлік форумның қорытындысы бойынша 150 ұсыныс пен ұсыным келіп түскен. 

Республикалық IX Азаматтық форум барысында қоғамның ең өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік жұмысты ел мұқтажы үшін басым кәсіптер тізіміне енгізу, ҮЕҰ үшін кәсіби тәсілдерді дамыту, экологиялық білім беруді дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ашықтығын қамтамасыз ету, ҮЕҰ-ны мониторинг жүргізуге тарту, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және бизнес арасындағы қарым-қатынас, ҮЕҰ қызметіндегі цифрландыру деңгейін арттыру, Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың қызметі және басқалар.

Азаматтық Форумның жұмысы біздің бағалауларымыздың көпшілігі үйлесім табатынын көрсетті. Көптеген түйінді мәселелер бойынша түрлі ұстанымдарға қарамастан, біз ортақ пікірге келдік және тыныс-тіршіліктің көптеген салаларында бірлескен шаралар қабылдайтын боламыз. Әрине, онсыз азаматтық қоғам мен мемлекет үшін тиімді жұмыс істеу мүмкін емес.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу