Иран қазақстандық терминал құрылысы үшін Бандар-Аббас портынан жер учаскелерін беруге дайын

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің Иран Ислам Республикасына жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация Парсы шығанағында орналасқан Бандар-Аббас портына болды. 

Бұл – өңірдегі қуаттылығы жылына 135 млн тонна болатын ең ірі ауыстырып тиеу хабтарының бірі, мұнда жүк темір жол, авто, теңіз көлік түрлерінен жүргізіледі. Қазақстандық бизнес өкілдері порттың негізгі ауыстырып тиеу қондырғылары мен сақтау терминалын аралап, Парсы шығанағы жағалауында өздерінің ауыстырып тиеу қондырғыларын құруға қызығушылық білдірді. 

Өз кезегінде Иран тарапы Бандар-Аббас портында құрғақ терминал салу үшін 15 гектар жерді резервке алуға келісті. Бұл мәселені пысықтау үшін Шахид Раджай портының әкімшілігі (Бандар-Аббас) мен қазақстандық бизнес өкілдері арасында бірлескен жұмыс тобы құрылады. Сондай-ақ жұмыс тобы қазақстандық астықты ауыстырып тиеу көлемін ұлғайту үшін сүрлем мұнараларын салу мүмкіндіктерін зерттейді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу