Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындылары және отын-энергетика кешенін цифрландыру — Қазақстанның энергетика саласын дамыту

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР энергетика вице-министрі Жанат Жахметова көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукцион қорытындысы және Қазақстанның отын-энергетикалық кешенін цифрландыру туралы айтып берді.

 

Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға арналған e-аукциондарды өткізу жиілігін арттыру жоспарлануда

Вице-министрдің айтуынша, ведомство заңнамаға жылына екі реттен артық барлау мен өндіруге құқық беру бойынша электрондық аукциондар өткізу жиілігін арттыруды көздейтін түзетулерге бастамашылық етуді жоспарлап отыр. 

Ол 2020 жылдың 23 желтоқсанында барлау және өндіру құқығын беру бойынша бірінші онлайн-аукцион өткенін, ал осы жылдың 23 сәуірінде жалпы ауданы 2 мың шаршы шақырымнан асатын 8 учаске бойынша екінші аукцион өткенін еске салды. Екінші сауда-саттық қорытындысы бойынша қол қою бонусының жиынтық сомасы бастапқы бонустан 13 есе асып, 9,3 млрд теңгені құрады.

Екі аукционның қорытындысы бойынша министрлікте оларды өткізу процесін жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, қол қойылатын бастапқы бонустар мөлшерінде кепілдік жарнаны көздейтін түзетулерге бастамашылық жасау ; жеңімпаз бас тартқан жағдайда екінші қатысушыға сатып алу құқығын беру; жылына екі рет аукциондар өткізуге шектеуді алып тастау жоспарлануда.

«Бұл бізге бәсекелестікті және аукциондар өткізу жиілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл түзетулер қатысушылардың максималды ашықтығы мен айқындылығын қалыптастыру мақсатында алғашқы екі аукционнан кейін басталды. Қазіргі уақытта олар қажетті бекіту рәсімдерінен әлі өткен жоқ, жақын арада біз оларды салалық қоғамдастықпен талқылай бастаймыз», — деді Жанат Жахметова.

Аукцион арқылы жерге меншік құқығы емес, жер қойнауын пайдалану құқығы берілетінін атап өту маңызды. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекспен реттеледі, учаскелердегі кез келген технологиялық процестер ҚР Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияда қаралады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау туралы шартқа қол қояды. Жобалау құжатын әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті.

Аукциондар онлайн режимінде және жасырын өтетіндіктен, қатысушылар бір-бірін көрмейді. Аталған ақпарат аукциондардың өткізілуіне жетекшілік ететін ҚР Энергетика министрлігінің мамандарына да көрінбейді.

Вице-министр электрондық сауда-саттықты іске қосу және өткізу жөніндегі жұмыс энергетика ведомствосын цифрландыру шеңберінде жүргізілгенін атап өтті. Атап айтқанда, Энергетика министрлігі 6 жоба бойынша белсенді жұмыс жасауда, оның ішінде электрондық аукцион құру және мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу жобасы бар. Сонымен қатар, «Интеллектуалды кен орны» және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының МӨЗ-де жөндеу аралық кезеңді кеңейтуге көшу сияқты мұнай-газ компанияларының, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының «Цифрлық кеніш» жобалары бойынша жұмыстар аяқталды. KEGOC энергетикалық компаниясының «Қазақстаннның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің режимдерін басқаруды автоматтандыру» жобасы бойынша жұмыстар әзірге жалғасуда.

 

Қазақстанда 2021 жылы мұнайды есепке алу жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі

Жанат Жахметова министрлік үш мемлекеттік қызметті автоматтандырғанын еске салды: жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы; көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар және көмірсутектер мен уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасу. Сонымен қатар, мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жоспары мен кестесін әзірлеуді автоматтандыру, лицензиялық-келісімшарттық шарттар міндеттемелерінің орындалуын одан әрі мониторингілеу үшін қолданыстағы келісімшарттар мен оларға толықтыруларды (2018 жылға дейін жасалған) цифрландыру және есептілікті толығымен электрондық форматқа көшіру жоспарлануда.

Энергетика министрлігі барлығы 23 мемлекеттік қызметті көрсетеді, оның ішінде 22-сі электронды форматта. 2021 жылдың I тоқсанында 737 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 691 – электрондық форматта, 46 – қағаз жүзінде.

 

Энергетика министрлігін цифрландыру

Мемлекеттік бағдарлама аясында 5 бағыт қарастырылған.

Министрлік «Экономика салаларын цифрландыру» бірінші бағыты аясында 6 жоба бойынша жұмыс жүргізуде.

Министрліктің жобалары:

1) «жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша электрондық аукцион құру»;

2) «мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу» жобасы.

Мұнай-газ кешенінің әр түрлі ұйымдарының 4 жобасы:

3 жоба бойынша жұмыстар аяқталды:

  • «Зияткерлік кен орны» жобасын енгізу («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ»);
  • «Цифрлық кеніш» жобасын енгізу («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ);
  • ҚР МӨЗ-де кеңейтілген жөндеу аралық кезеңге көшу (оның ішінде ТОРО жүйесін автоматтандыру) («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ).

«Қазақстаннның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің режимдерін басқрауды автоматтандыру» («KEGOK» АҚ) жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

Жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі

Жүйе 2014 жылдан бастап жұмыс істейді, жер қойнауын пайдаланушылар үшін есептілікті ұсыну құралы болып табылады. Сондай-ақ, бұл жүйеде лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуына мониторинг жүзеге асырылады және мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу бойынша жедел ақпарат жиналады.

Бүгінгі таңда БМБЖ-да 147 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген.

БМБЖ шеңберінде келесі жұмыстар іске асырылды:

  • ЖАО-дан деректерді алу үшін жиынтық өтінімді электрондық түрде алу, оны біріктіру және ТМД жеткізу жоспарын қалыптастыру
  • 3 бұйрыққа сәйкес есептерді электронды түрде тапсыру нысандары автоматтандырылған.

Жер қойнауын пайдалануға рұқсатты, SDU, ЕРСОП қоса алғанда, интеграцияның 10 түрі іске асырылды.

Министрліктің 3 мемлекеттік қызметі автоматтандырылды:

1) жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы;

2) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасасу (қол қою);

3) көмірсутектер және уран өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдер жасасуды (қол қоюды) қамтиды.

Осы жоба шеңберінде Министрліктің функцияларын автоматтандыру бойынша келесі жұмыстар жоспарлануда:

  • мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу жоспары мен кестесін автоматтандыру.
  • лицензиялық-келісімшарттық шарттар міндеттемелерінің орындалуын одан әрі мониторингілеу үшін қолданыстағы келісімшарттар мен оларға толықтыруларды (2018 жылға дейін жасалған) цифрландыру.
  • есептіліктің электрондық форматқа толық көшуі.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Бүгінгі күні Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Министрлікпен 23 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электрондық форматта 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Бұдан бұрын айтылғандай, 2020 жылы 3 мемлекеттік қызмет электрондық форматқа көшірілді. Осылайша, қазір мемлекеттік қызметтердің 96% электронды түрде көрсетіледі.

Қағаз түрінде 2020 жылы 8% және осы жылдың 1 тоқсанында 6% көрсетілді.

Осылайша, министрліктің міндеті мемлекеттік қызметтерді барынша автоматтандыру, сондай-ақ жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша жұмысты жалғастыру.

2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3409, оның ішінде электрондық форматта – 3143 (92%); қағаз форматында – 266 (8%).

2021 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 737, оның ішінде электрондық форматта – 691 (94%); қағаз форматында – 46 (6%).

Сондай-ақ, ҚР Цифрлық даму министрлігі «Цифрлық өмір салты» ұлттық жобасын әзірлейтін болады. Энергетика министрлігі тарапынан қосымша бірнеше жоба ұсынылды.

«Бұл біздің "ҚазТрансГаз« сияқты компанияларымыздың инфрақұрылымдық жобалары. "Kegoc" базасында электр энергетикасы жүйесін автоматтандыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады», — деді ол.

Сонымен қатар Азия Даму Банкімен бірлесіп «SMART GRID» тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазақстанның ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыруды автоматтандырудың артықшылықтары туралы айта келе, Ж. Жахметова бірінші кезекте мұның транспаренттілікті, сондай-ақ “цифрлық із қалдыруды” білдіретінін атап өтті.

«Біз іс жүзінде әрбір рәсімді – өтінімдерді жинаудан бастап жоспарды жасауға дейін, қалай бөлуге болатынын есептеу формуласына дейін автоматтандырдық», — деді ҚР энергетика вице-министрі.

Сонымен қатар Жанат Ахметова мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі туралы айтып берді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлескен ЖБАЖ пилоттық жобасын іске қосу туралы бұйрыққа қол қойылды. Кейін жүйе өнеркәсіптік пайдалануға беріледі.

Осылайша, сандық платформа құрылады, онда мұнай-газ саласының объектілері жабдықталатын есептеу құралдары арқылы ақпарат жинау қамтамасыз етіледі. Есептеу құралдары деректерді нақты уақыт режимінде автоматты түрде жібереді.

ЖБАЖ негізгі міндеті — мұнай-газ саласы объектілерін осы жүйеге қосу және мұнай өндіру, тасымалдау, өңдеу және экспорттау бойынша барлық ақпаратты қамту.

Есептеу құралдарымен жабдықтаудың бас схемасы бекітілді.

Бүгінде пилоттық режимде 3 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы ұйым және 3 мұнай өңдеу зауыты қосылған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу