Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі К. Бороновпен телефон арқылы сөйлесті 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының жаңа Премьер-Министрі Кубатбек Бороновпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Үкіметінің басшысы К. Бороновты Премьер-Министр лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған Қырғыз Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамыту жолында табыс тіледі.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, су-энергетикалық және басқа да салалардағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу