Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын, сырқаттанушылық деңгейі біртіндеп төмендей бастағанын атап өтті.

Алдыңғы аптада вирустың репродуктивті индексі 1-ден төмен болды және қазір 0,93 құрайды. Инфекциялық төсек-орындар 49%, реанимациялық төсектер 46% толы.

Бүгінгі таңда 6,5 млн жуық адам вакцинаның бірінші компонентін, 5 млн-нан астам адам екінші компонентін алды.

Үкімет басшысы вакцина салдыру науқанын күшейту қажет екенін атап өтті.

Премьер-Министр Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқан өңірлердегі «Ashyq» жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күндері шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу