ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин арасындағы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен шаралар туралы уағдаластықтардың практикалық іске асырылуын талқылады.

Үкімет басшылары бүгін Қарағанды қаласында іске қосылған «Спутник V» вакцинасының өндірісі және қазақстандықтарды алдағы вакцинациялау ҚР-дағы тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауға үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Сондай-ақ әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ЕАЭО аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу