ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. 

«Қазақстанның мұсылмандар қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Бұл – адамның кіршіксіз таза ниеті мен ізгілікті істері үшін Жаратушының шексіз рақымына бөленетін, ал Ораза ұстап, ауыз бекіту сенімі мен рухын нығайтып, сабыры мен ерік-жігерін дамытатын рухани кемелдену кезеңі.

Рамазан мұсылмандарды ғана емес, біздің еліміздегі өзге дін өкілдерін де біріктіретін мейірім мен қайырымдылық, жомарттық сияқты шынайы адамгершілік қасиеттерді толық тануға жол ашады. 

Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, қажымас жігер мен жақсылыққа деген сенім, бейбітшілік пен амандық тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Асқар Мамин».

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу