Риодағы Олимпиадада 104 спортшы Қазақстанның намысын қорғайды – ҚР МСМ

06 тамыз 2016, 19:19

Бразилия астанасы Рио-де-Жанейрода XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды. Бұл ойындарда Қазақстанның мәртебесін 104 спортшы қорғайды.

ҚР МСМ мәліметінше, қазақстандықтар 26 спорт түрі бойынша 108 жолдама жеңіп алды. 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы салтанатты шараға қатысып, ұлттық олимпиада құрамамыздың мүшелерімен кездесті.

Сонымен қатар шараға бас хатшы Пан Ги Мун және Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах қатысты.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты латын америкалық би кеші нақышында ұйымдастырылды. Шоуды жасауға карнавал шеберлері атсалысты. Көрермендердің назарына атақты бразилиялық әртістердің қатысуымен ән және би нөмірлері ұсынылды.