Кәрім Мәсімов әкімдерге тұрғындарға арнап спорттық мерекелер ұйымдастыруды тапсырды

11 тамыз 2016, 18:49
Астана
Фото: nur.kz

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Twitter-дегі жеке аккаунтында жазды.

Қазақстан астанасында марафон өткізу идеясы Лондонда The Royal Parks Half-Marathon жартылай марафоны кезінде туындаған еді. Өткен жылы Астанада 42 шақырым 195 метр қашықтыққа алғашқы жүгіру өткен болатын. Биыл марафон 42,2, 21,1 және 10 шақырым қашықтықтарға жоспарланған.

«Астана Марафон» жаппай жүгіруінің ұраны – «One Steppe Beyond» (Шектен тыс жерге қадам). Таңдауға үш қашықтық ұсынылады – 42,2 км, 21,1 км және 10 км, сондай-ақ эстафеталық және корпоративтік қатысуға болады.

42,2 км, 21,1 км қашықтыққа жүгіруге соңғы тіркелу күні – 2016 жылғы 28 тамыз. 10 км қашықтыққа – 3 қыркүйек.

Барлық жиналған қаражат қайырымдылық қорларына тапсырылады.