Кәрім Мәсімов Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мұражайына барды және қоғам өкілдерімен кездесті

16 тамыз 2016, 18:43
Шығыс Қазақстан облысы
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына барды.

Мемориалдық кешеннің директоры Болат Жүнісбековтің айтуынша, мұражай қазақтың ұлы ақыны, көрнекті ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты тарихи орындарды зерттеуге бағытталған.

Кәрім Мәсімов бірегей мемориалдық кешенінің экспонаттарымен танысты. Мұражайда туысқандары мен достары арқылы сақталып қалған Абай Құнанбаевтың жеке заттары көрсетілді. Мұнда араб, парсы, түрік, орыс тілінде кітаптары, әр жылдағы фотоқұжаттары, ақынның үш ішекті домбырасы, сирек кездесетін және дәстүрлі тұрмыстық заттары бар. Кешенде келушілерді Абай заманын еске түсіретін түрлі жәдігерлер сақталған. Сонымен қатар, ұлы ақынның Михаэлис, Гросс, Долгополов, Лобановский сынды жер аударылған достарымен түскен фотолары сақталған.

Жалпы ауданы 6 400 га құрайтын қорық аумағында 16 тарихи ескерткіш және тарихи орындар орналасқан. Бұл Семей қаласындағы Абайдың әдеби мұражайы мен Ахмет Риза медресесі, М.Әуезовтің Бөрілі жеріндегі мұражайы, Көкбай Жанатаевтың Абай ауданының ауылдық округі Тақыр Көкбай жеріндегі мұражайы, Шәкір Әбеновтің Абай ауданы Құндызды елді мекеніндегі мұражайы, Әсет Найманбаевтың Үржар ауданындағы мұражайы.

Кәрім Мәсімов мемориалды кешенді аралау барысында ауданның қоғам өкілдерімен кездесті. Премьер-Министрмен әңгіме барысында кездесуге қатысушылар Қазақстандағы маңызы зор тарихи-мәдени мұра нысандарын дамыту және сақтау туралы мәселені қозғады. ҚР Премьер-Министрінің алдында Абайдың ұрпағы Б. Манатай, Абай ауданының спорт ардагері М. Мұқанов, Абай ауданының Құрметті азаматы А. Төлеубек, оқушы-олимпиадалардың жеңімпазы Д. Уәлибеков сөз сөйледі. Жолсыздық, Абай кесенесін және Семей әуежайын жөндеуден өткізу мәселелері көтерілді.

Анықтама үшін:

Абай 1904 жылы Балашақпақ жерінде дүниеден өткен. Ол Жидебайда інісі Оспанның қасына жерленген болатын. Бұл орынға сәулетші Бек Ибраевтың әзірлеуімен кесене кешені салынған. Оның ашылуы 1995 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған мерейтойында өтті. Кешеннің ашылу салтанатына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Татарстан Президенті Минтимер Шаймиев, сондай-ақ ЮНЕСКО комитетінің төрағасы Федерико Майор Сарагоса қатысқан еді. 1970 жылы ақынның 125 жылдық мерейтойы қарсаңында мұражай жөндеуден өткен. Ғимараттың сәулеттік көрінісі бастапқы күйіндегі түрін сақтап қалды. Мұражай-үйі 1940 жылы Семей қаласында ашылған.