Кәрім Мәсімов Баландин мен Рахимовты Олимпиадада «алтын» алуымен құттықтады

11 тамыз 2016, 17:33
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі жеке аккаунтында қазақстандық спортшыларды Риодағы Олимпиадада «алтын» алуымен құттықтады.  

Құрамамыздағы алғашқы алтын медальді жаңа әлемдік рекорд орнатқан ауыр атлетші Ниджат Рахимов алды.

Дмитрий Баландин Қазақстан тарихында алғаш рет жүзуден олимпиада чемпионы атанды. Алдында қазақстандық спортшының жоғары спорттық жүлде алуымен Мемлекет басшысы құттықтаған болатын.  

Сонымен, бұл Қазақстанның олимпиада құрамасының қоржынындағы жетінші медаль: екі алтын, екі күміс және үш қола.