Кәрім Мәсімов Карина Горичеваны Рио Олимпиадасындағы жеңісімен құттықтады

10 тамыз 2016, 17:14
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі жеке аккаунтында қазақстандық спортшыны Олимпиада ойындарында қола алуымен құттықтады.

Карина Горичева Қазақстан құрамасына төртінші олимпиада медалін алып берді. Қазақстандық спортшы қола жүлдені  Рио-де-Жанейродағы  Олимпиадада жеңіп алды. Екі жаттығу есебінде спортшы 243 келі салмақты көтеріп, Риодағы Олимпиада ойындары тұғырының үшінші сатысынан көрінді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының олимпиададағы қоржынында бір күміс және үш қола медаль бар.