Кәрім Мәсімов қазақстандықтарды Рио-де-Жанейродағы Олимпиададағы алғашқы медальдарымен құттықтады

07 тамыз 2016, 23:35
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэгті күміс және қола медальдарымен құттықтады.

Олимпиада ойындарының алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошылар екі медаль – күміс және қола жеңіп алды.

Әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы Елдос Сметов бірінші жекпе-жекте Ливия спортшысы Алькабис Мохаммед Эльхадиді жеңді. Татамидегі британиялық Эшли Маккензимен өткен екінші жекпе-жек біздің жерлесімізге күміс медаль әкелді.

Галбадрах Отгонцэцэгтің қола медалі Олимпиада-2016 ойындарындағы Қазақстан құрамасының алғашқы медалі болды. 48 келіге дейінгі санатта өнер көрсеткен қазақстандық кубалық Дайарис Местре Альваресті жеңді.