Кәрім Мәсімов ауыр атлет Фархад Харкиді Олимпиадада қола алуымен құттықтады

09 тамыз 2016, 20:21
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Қазақстан Премьер-Министрі қазақстандық зілтемірші Фархад Харкиді Олимпиадада қола медаль алуымен құттықтады.

Қазақстандық зілтемірші 62 келіге дейінгі санатта өнер көрсетіп, 305 келі көтерді. Бұл Рио-де-Жанейродағы Қазақстан құрамасының қанжығасындағы үшінші медаль. Күміс және қола медальдарды дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг  жеңіп алған болатын.