Кәрім Мәсімов Зайчиков пен Левитті Риодағы Олимпиадада медаль алуымен құттықтады

16 тамыз 2016, 15:22

ҚР Премьер-Министрі Twitter-де қазақстандық олимпиадашыларды жаңа марапаттарымен құттықтады.  

Ауыр салмақта жұдырықтасқан боксшы Василий Левит Қазақстанның олимпиада құрамасының қоржынына үшінші «күміс» салды.

105 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық зілтемірші Александр Зайчиков Риодағы Олимпиадада қола жүлдегер атанды. Екі жаттығу есебінде әлем чемпионы 416 (223 + 193) келі көтерді.

Сонымен, Қазақстан құрамасының қоржынында 10 медаль бар: «алтын» Ниджат Рахимов пен Дмитрий Баландинде, «күміс» Елдос Сметов, Василий Левит және Жазира Жаппарқұлда, «қола» – Галбадрах Отгонцэцэг, Карина Горичева, Фархад Харки, Ольга Рыпакова және Александр Зайчиковта. Қазақстан Олимпиада-2016 ойындарының медальдық есебі бойынша 16-шы орында.