Кәрім Мәсімов Жазира Жаппарқұлды Рио Олимпиадасындағы күміс жүлдесімен құттықтады

11 тамыз 2016, 15:14
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі өзінің Twitter-дегі жеке аккаунтында ауыр атлетші Жазира Жаппарқұлды Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтады.

Әйелдер арасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлетика бойынша сайыста өнер көрсеткен Жазира Жаппарқұл Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы екі жаттығу есебінде 259 келі нәтиже көрсетті (115 кг - жұлқа тарту және 144 кг – серпе көтеру).  

«Бұл ерекше сезім. Бұл күміс медальді мен барлық Қазақстанға арнаймын», - деді спортшы марапаттау рәсімінен кейін.