Кәрім Мәсімов Қазақстанның олимпиадашыларына сәттілік тіледі

06 тамыз 2016, 19:10
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан спортшыларына Бразилиядағы Олимпиада ойындарында сәттілік тіледі.

Рио-де-Жанейродағы Жазғы Олимпиада ойындарына біздің елдің атынан 104 спортшы қатысады. Қазақстандықтар 26 спорт түрі бойынша 108 жолдама жеңіп алды.

Бүгін таңертең Рио-де-Жанейрода Олимпиада ойындарының Ашылу салтанаты өтті. Спортшылар шеруіне Қазақстанның олимпиада құрамасының өкілдері де қатысты.