Қазақстандық әзірлеушілер халықаралық «Ақылды ел» ойын-викторинасын ойлап тапты

12 желтоқсан 2016, 10:07

Жас қазақстандық әзірлеушілер Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ақылды ел» мобильдік қосымшасын ойлап тапты.  

Бұл зияткерлік викторина кез-келген жастағы адамға арналған, мұнда әркім өз елінің құрама командасының толық құқықты мүшесі бола алады. Мобильдік қосымша әлемнің кез-келген жеріндегі адамға қарсы ойнауға мүмкіндік береді: қарсылас кездейсоқ түрде анықталады.  

Мұндағы идея – қарсыластың өз елі туралы білімінен сенің оның елі туралы біліміңнің мықтырақ екенін көрсету.

Әзірлеушілердің бірі Талғат Тайымовтың айтуынша, мобильдік қосымша өзге елдер туралы көптеген қызықты әрі жаңа деректер алудың, сонымен қатар, күллі әлемге Қазақстан туралы айтудың бірегей мүмкіндігін сыйлайды.

«Аталған бағдарламаны ойлап табуға Қазақстанды барша әлемге одан әрі таныта түсу, өзге елдердің халқын біздің терең тарихымызбен, бай көп ұлтты мәдениетімізбен, Тәуелсіздік алғалы қол жеткізген жетістіктерімізбен, әдемі жерлер мен еліміздің көрікті орындарымен таныстыруға деген ниет себеп болды», - деді Т. Тайымов.

Ойынның мәні – әрбір жеңген ойыншы белгілі бір ұпай жинап, осылайша өз елінің рейтингін әлемдік зияткерлік аренада көтеретін болады. Викторина үш айналымнан тұрады.

Жаңа жылдан бастап барлық қызығушылық танытушылар IOS және Android операциялық жүйелерінде ойынға қосыла алады деп болжануда.