Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

МСМ 2017 жылдың басым міндеттерін белгіледі

10 ақпан 2017, 14:33
Фото: primeminister.kz

Мәдениет және спорт министрлігі өз әлеуетін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының маңызды басымдығы болып табылатын адам капиталының сапасын арттыруға бағыттауды жоспарлайды. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.

А. Райымқұлованың айтуынша, берілген басымдықтар шеңберінде мәдениет және спорт министрлігі Мәдени саясат тұжырымдамасын, Спортты дамыту тұжырымдамасын, Тілдерді дамыту мен қолдану-2020 мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда.  

«Министрліктің маңызды міндеттерінің бірі мәдениет, спорт, туризм және білім беру салаларының шығармашылық тұрғыдан сапалық және бәсекелі басымдығын арттыру және әлемдік мәдениетке белсенді түрде ықпалдастыру болып табылады», - деді вице-министр.   

МСМ-нің басым міндеттерінің тізімінде дуалды білім беруді іске асыру міндеті бар. А. Райымқұлованың пікірінше, егер бала кезден бастап шығармашылық адамдары білім беру жүйесіне шығармашылық сабақтары қосылған арнайы ортада тәрбиеленсе, кейін жоғарғы нәтижелерге қол жеткізеді. Аталған дуалды білім беру жүйесін Астанада ашылған Хореография академиясы растайды.

«Мұнда бірінші сыныптан докторантураға дейін оқытылады. Біз Академия қабырғасында болашақ балет жұлдыздарын, әлемдік дәрежедегі жұлдыздарды көптеп оқытамыз, тәрбиелейміз деген сенімдеміз», - деді А. Райымқұлова.

Министрлік бірінші кезекке Қазақстанның жас мәдениет қайраткерлеріне, спортшыларына қолдау көрсету міндетін қояды. Осындай қолдаудың жарқын мысалы ретінде Димаш Құдайбергеновты айтуға болады.

«Димаш мәдениет және спорт министрлігінің белсенді түрде қолдау көрсетуімен айтулы халықаралық байқауларға қатысып, жеңімпаз атануда. Қазіргі таңда ол қазақстандық мәдениетті әлемге танытушы болып табылады. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш»,- деді вице-министр.

Бүгінде министрлік мәдени-туристік және спорттық-туристік кластерлерді құру жұмыстарымен айналысуда. Олар мәдениет, спорт саласындағы салмақты жобаларды қалыптастыруға және оларды брендтеуге ықпал ететін болады, деп есептейді А. Райымқұлова. Аталған жұмыс қазақстандық мәдениетті алдағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсыну кезінде өте жоғарғы маңызға ие.

Жалпы, мәдениет және спорт министрлігінің Мемлекет басшысының жолдауы тұрғысынан алғандағы маңызды міндеттері министрліктің депутаттық корпус, Президент әкімшілігі, Үкімет өкілдерінің, барлық ведомствоға қарасты ұйымдардың басшыларының, тиісті мемлекеттік органдар мен БАҚ-тың қатысуымен 16 ақпанда өтетін министрліктің кеңейтілген алқасында қарастырылатын болады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыру мен елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің нақты векторын атап көрсеткен. Аталған бағыттағы маңызды басымдық ретінде адам капиталының сапасын арттыру көрсетілген.

1/1