Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Спортшыларымыз кезекті рет отандық спорттың жоғары дәрежеде екенін дәлелдеді – Кәрім Мәсімов

22 тамыз 2016, 20:38
Фото: Официальный сайт Премьер-Министра РК

Бұл туралы Қазақстан Премьер-Министрі өзінің Twitter-дегі аккаунтында жазды.

Қазақстан құрамасы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада әр түрлі дәрежеде 17 медаль жеңіп алып, 22-ші орында аяқтады.

Қазақстандық спортшылар ауыр атлетикада жаңа әлемдік рекорд орнатып, Риодағы жанкүйерлерін баурап алды: Нижат Рахимов – серпе көтеруде 214 келі және құраманың қоржынында алғашқы алтын медаль. Дмитрий Баландин – Қазақстан тарихындағы жүзуден алғашқы «алтын»!

Сонымен, әлемдік аренада Қазақстанның көк туын желбіретіп, ұлттық әнұранымызды шырқатқан спортшыларымызды еске түсірсек: алтын медальдар – Нижат Рахимов (зілтемір көтеру), Дмитрий Баландин (жүзу), Данияр Елеусінов (бокс); «күміс» – Жазира Жаппарқұл (зілтемір көтеру),  Елдос Сметов (дзюдо), Василий Левит және Әділбек Ниязымбетов (бокс), Гюзель Манюрова (еркін күрес); қола жүлдегерлер – Отгонцэцэг Галбадрах (дзюдо), Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков (зілтемір көтеру), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова (еркін күрес), Иван Дычко мен Дариға Шәкімова (бокс).

Рахмет, спортшылар, бүкіл Қазақстан сіздерге жанкүйер болды!